Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарыс өтті

Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарыс өтті

Қостанай облысында темір жол бекеттерінің жұмысына рұқсат берілді. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов баяндағандай облыс әкімдігі жанынан құрылған жедел штаб наурыз айының басында облыс аумағындағы темір жол қатынасын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады. «Барлық енгізілген ұсыныстарды қарап, штаб коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға 1 наурыздан бастап «Қостанай-Алматы», «Қостанай-Қарағанды» пойыздарының Қостанай облысы бойынша күн сайын жүруін және жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін барлық теміржол бекеттерін қайта ашу туралы шешімді қолдады», - деді Архимед Мұхамбетов.

*****

Алматы қаласының мониторинг топтары 13-19 ақпан аралығында күшейтілген режимде жұмыс істеді. Барлығы 1 051 нысан тексеріліп, 115 құқық бұзушылық анықталды. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 19 ақпан күні мегаполисте карантин талаптарын бұзған 18 нысан анықталды. Оларға жалпы сомасы 3,3 млн теңгеге айыппұл салынды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 1 қаңтар мен 19 ақпан аралығында 5 394 нысанға тексеру жүргізді. Нәтижиесінде 456 құқық бұзушылық анықталды. 44 материал сотқа жолданып, олардың 16-сы бойынша шешім қабылданды.

*****

Қазақстанда өткен тәулікте 699 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Ең көп адам Алматы қаласында тіркелді - 101, Павлодар облысында - 96, Ақмола облысында – 73. Сонымен қатар өткен тәулікте 642 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Ел бойынша жазылғандар саны – 191 739 адамға жетті.

*****

Батыс Қазақстанда 277 дәрігер жетіспей жатыр. Оның 173-і қалада, 104-і аудандарда. Дегенмен 2019 жылмен салыстырғанда, кадр тапшылығының 10 пайызға төмендеуі байқалады. 2020 жылы облысқа барлығы 106 жас маман келді. Бұл туралы Облыс әкімі Ғали Есқалиев айтты. «Медициналық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында Президент тапсырмасына сәйкес үш ай мерзім ішінде жаңа модульді инфекциялық аурухана тұрғызылып, қазір халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Сондай-ақ 37 санитарлық автокөлік сатып алынып, жедел жәрдем автокөліктері 100-ге дейін ұлғайды. Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру үшін 9 жылжымалы медициналық кешен сатып алынып, аудандарға таратылды», деді өңір басшысы.

*****

Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жекелеген жарыс өтті. Оған тек елордалықтар ғана емес, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Қашықтықты белгіленген уақыттан кешіктірмей аяқтаған жеке жарыстың әрбір қатысушысы мәреде естелік медальдармен марапатталды. Жас санаты бойынша I-II-III орын алған спортшылар 23-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясының кеңсесінде арнайы марапатталады.