Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді

25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді

25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Tелеграм каналында жазды. «Онлайн форматта өтетін іс-шараға түрлі өңірден өкілдер қатысады. Отырыс барысында бұрын айтылған ұсыныстар, сондай-ақ бірқатар жаңа бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланады», - деді Ерлан Қарин.

*****

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлда жарылыс болған көпқабатты үйдің жағдайын көріп, жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Өңір басшысының айтуынша, осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылады. Оған прокуратура, ТЖД, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіпкерлер және Петропавл қалалық әкімдігінің мамандары кіреді. Комиссия көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан кәсіпкерлік субъектілерін тексермек. «Ғимаратты жөнге келтіруге қажет қаражат қала бюджетінен бөлінеді. Пәтер иелеріне бірреттік материалдық көмек беріледі. Бір де бір адам назарсыз қалмайды», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов. 

*****

Батыс Қазақстан облысында осы кезге дейін 12 577 адам індет жұқтырса, соның 10 099-ы жазылып шықты. Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соңғы төрт күнде облыста 248 адамнан коронавирус табылды. Өңір «сары» аймақта тұрғанымен, эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз, делінген хабарламада.

*****

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Ақсу тау шатқалында адасқан екі адам құтқарылды. Олар Ханарық ауылынан 3 шақырым қашықтықтағы шатқалға барып, тұманнан қайтар жолды таба алмай қалған. «Оқиға орына облыстық ТЖД-нің 4 қызметкері 1 техникамен жетті. Олардың жедел әрекет етуінің арқасында түнгі сағат 00:15-те 33 жастағы екі ер адам да табылды.», - делінген хабарламада.

*****

Жамбылдық полицейлер «Anti-fraud» республикалық іс-шарасын қорытындылады. Шара қорытындысы бойынша Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері интернет алаяқтықтың 34 фактісін анықтады. Оның ішінде 26 дерегін Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны жасаған. Ол Instagram әлеуметтік желісінде киім сату сылтауымен азаматтардың сеніміне кіріп, оларды алдап, ақшасын иемденген. Алаяқтық әрекет жасаған барлық азаматтар ұсталды. Барлық деректерге қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.