Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Айнұр Кәрібозова: "Болашаққа" құжат қабылдау 1 сәуірге жоспарланып отыр

Айнұр Кәрібозова:

Бұл туралы "Қазақ радиосының" "Білім айнасы" бағдарламасына келген "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басшысы Айнұр Бағдатқызы айтты.

Былтыр мамырда "Болашақ" халықаралық стипендиясының жаңа қабылдау ережелері қабылданған болатын. Жылда өзгеріс енетін негізгі екі тізім: басым мамандықтар тізімі мен шетелдегі жоғары оқу орындары тізімі болмақ. Орталық аймақтағы кәсіпорындар мен ЖОО-ның сұранысы бойынша тізім дайындап, комиссия қарауына өткізді. Комиссия Білім және Ғылым министрлігінде ақпан аяғы, наурыз басында қаралмақшы.

Айнұр Бағдатқызы тікелей эфир барысында пандемияға орай құжат қабылдау толықтай автоматтандырылғанын баса айтты. Талапкерлердің электрондық үкімет арқылы құжат тапсыруы күрделі емес, керісінше, құжат тапсыру да, емтихан тапсыру да біршама жеңілдеген. Орталық басшысы әсіресе емтихан барысында талапкер аты-жөні арқылы иденфикацияланбай, тек автоматты түрде бағдарлама арқылы берілген ID код арқылы белгіленетініне назар аудартты. Және бұл дербес қод бармақ басты, көз қыстылыққа жол бермейді. "Кешенді тест барысында талапкер сұраққа жауапты өзге терезені ашып қарай да алмайды. Көмек көздерін қарастырып, компьютердегі басқа терезені ашқан бетте дабыл соғып, сол уақытқа дейінгі жауабының бәрі жоққа шығарылады", - деді орталық Президенті Айнұр Кәрібозова.

Бағдарламасының толық нұсқасын төмендегі аудиодан тыңдай аласыз.