Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл 17 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

Биыл 17 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

Биыл 17 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

 Оның атап өтуінше, ауқымды міндеттерді жүзеге асыру үшін тұрғын үй саясатына реформа жүргізіліп жатыр. Онда тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, жеке құрылыс салушылардың инвестицияларын жалдамалы тұрғын үй салуға тарту үшін жаңа шаралар кешені көзделген. «Бұл жұмыста «Отбасы банк» негізгі құрал болмақ. Ол баспанаға мұқтаж адамдардың кезегін бір орталықтан қалыптастырып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында оларға жеңілдікті тұрғын үйлерді сатады. Барлығы осы жылы 17 млн шаршы метр үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл өткен жылға қарағанда 2 млн шаршы метрге көп», - деді Асқар Мамин.

*****

Ал, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, биыл баспана кезегіндегі 8,8 мың азаматқа жеңілдетілген заем беріледі. «Мемлекеттік инвестиция есебінен кезекте тұрған 31,3 мың адамға қолдау көрсетіледі. 22,5 мың әлеуметтік баспана салынып, сатып алынады», - деді Бейбіт Атамқұлов.

*****

 Коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта 5 өңір қалды. Бүгінгі жағдай бойынша, эпидахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта. Қауіпті - «қызыл» аймаққа енгізілген өңірлер жоқ.

*****

Бүгінгі мәлімет бойынша 20780 адам коронавирустан емделуде. Оның ішінде 4638 пациент стационарда, 16097 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандар арасында 245 адамның халі ауыр, 55 пациенттің жағдайы өте ауыр, 48 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған,-деп хабарлайды ДСМ телеграм каналы.

*****

ШҚО-мен шектесетін мемлекеттік шекарадағы пунктерде санитарлық бекеттер қойылады. Аймақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының қаулысына осындай өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» өткізу пункттерінде 4 санитариялық пост ашылады. Бұл жұмысты іске асыру Үржар, Бородулиха, Шемонаиха, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, мемлекеттік кірістер департаменті, полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармаларына жүктелді.