Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қостанай облысында 19 автокөлік жолы жабылды

Қостанай облысында 19 автокөлік жолы жабылды

21 ақпанда шетелден анықтамасыз келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Індетке шалдыққан бір жолаушы «Ыстанбұл – Алматы» рейсімен, үшеуі «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсімен оралған. Айта кетейік, өткен тәулікте 18 халықаралық әуе рейсімен 1 727 қазақстандық елге оралды. Оның ішінде 228-інде ПТР анықтама болмаған. Енді олар тест тапсырып, арнайы стационарға жатқызылады.

*****

Баспана бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы жоба іске қосылады. Бұл туралы үкімет отырысында «Отбасы банкі» басқармасының төрағасы хабарлады. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, тың жобаға Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс салушылары тартылмақ. Айта кетерлігі, жылжымайтын мүлік бағасының өсімін болдырмайтын шара мемлекеттік қаржыландырусыз іске асады. Бүгінде 548 мың адам баспана кезегінде тұр. Ақпанның 19-ы күнгі жағдайға сәйкес, зейнетақы қорындағы қаржы есебінен тұрғын үй мәселесін шешу үшін 98 мың өтінім түскен. 145 млрд теңге сомманы құрайтын 28 мың өтінім қанағаттандырылған.

*****

Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы бизнестің экономикалық сараптамадан өту рәсімдерін оңайлатуға бағытталған бизнес-процестерді трансформациялауға кіріседі. Еліміздегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік өзін бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының табысты құралы ретінде көрсетті. Біздің елімізде МЖӘ тетігінің сапалы өсуі мен дамуы үшін үлкен жұмыс жүргізілуде. 2021 жылғы 22 ақпандағы жағдай бойынша «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заң қолданысқа енген сәттен бастап Қазақстанда жалпы құны 1,6 трлн теңге болатын 864 МЖӘ жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда, қазіргі әлемдегі болып жатқан өзгерістер жағдайында Орталық үшін жаңа серпін беру мәселесі өте өзекті. Осыған байланысты, Орталық бизнес-процестерді трансформациялауға - Орталық қызметінің тиімділігін арттыруға, бизнестің экономикалық сараптамадан өту рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған кезең-кезеңдік өзгерістерге кіріседі. «Бұл міндетті шешу даму институттары, жеке сектор, мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды талап етеді.

*****

Өткен аптада «Мемсараптама» РМК, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өкілдерімен жұмыс кездесулері өтті, онда бизнестің экономикалық сараптамадан өту рәсімдерін жеңілдету, компания ішіндегі басқарудың интеграцияланған жүйесінің процестерін жақсарту, МЖӘ жобаларын іске асыру кезінде корпоративтік басқаруды жетілдіру және инвестициялық тартымдылықты жақсарту мәселелері талқыланды. Алдағы уақытта біз МЖӘ жобаларын іске асыру кезінде қиындық тудыратын сұрақтарды жинау және талдау бойынша жұмысты жалғастыруға, интерактивті алаңдар құруға, инвесторлармен, қаржы ұйымдарымен, сарапшылармен және мүдделі тараптармен кездесулер өткізуге ниеттіміз», - деп атап өтті «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Сәрсенбай Ержан.

*****

Қостанай облысында қарлы боранның қайта күшеюіне байланысты 19 автокөлік жолы жабылды. «Қазір өңірде күре жолдарға тосқауыл бекеттерін қою жұмыстары жүріп жатыр. Департаменттің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды. Аймақта орташа ауа температурасы -19 градус, желдің жылдамдығы – 12 м/с, облыстың барлық аумағында қар жауып тұр. Тұрғындардың ұялы телефондарына бүгін жолға шықпау туралы хабарлама жіберілді», - делінген ТЖД хабарламасында. Облыста республикалық маңызы бар – 6, облыстық маңызға ие 13 автокөлік жолы жабылып, барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. ТЖД мамандары көлік жүргізушілерін алыс жолға шықпауға, елді мекендер ішінде барынша сақ болуға шақырады. Еске салсақ, осы уақытта Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан шығатын барлық трасса жабық тұр. Сондай-ақ өзге бірқатар өңірде жол учаскелері жабылды.