Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Назар аударыңыз, іздеу саламыз!

Әр қоңырауда үміт, әр хатта өтініш бар. Өйткені бізге жолдаған хаттың бірін анасын іздеген бала жазса, енді бір хат керісінше баласын жоғалтып алған анадан келеді. 

Студия қонағы Бахтияр Жексебаев анасы мен қарындасын іздеп жүр. Анасының аты-жөні Зоя Жексебаева (Атамқұлова), 1960 жылы 25 желтоқсанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес аулында дүниеге келген (фото). Қарындасы Ажар Мұратқызы Жексебаева, 1988 жылы 4 маусымда Шу ауданында дүниеге келген. Ажарды 6 айлығында Тараздағы Балалар үйіне өткізген деген ақпарат бар. Сол жақтан басқа отбасы асырап алып, қазір аты-жөні өзгертілген болуы мүмкін. 

/фотода З.Жексебаева/

Хат қоржыны: 

Сіздерге хат жазып отырған Ардақ Сартхожина. Алматы облысы, Қапшағай қаласында тұрамын. Ағам Манарбек Әбілмәжінұлы Сартхожин 1960 жылы 3 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Тұғыл аулында дүниеге келген. 2006-2007 жылдары Өскемен қаласында жалдамалы жұмыс істеп жүріп, жоғалып кетті. Үш ағам дүниеден өтті. Осы Манарбек ағам ғана қалды. Сіздерден көмек сұраймын. Ағамды көргендер болса, хабарлассыншы...

Мен Омарова Қырмызы зейнеткермін, Ақтөбе облысында тұрамын. Менің Сара Мыңжасарова деген қайынапам бұрын Алматыда тұрған. Жазушы еді, сол апам қайтыс болды. Апамның қызы Қарлығаш Мұқышқызын іздеп таба алмай жүрміз. Қарлығаштың қызы бар еді, Мəскеуде тұрған, қазір хабарласпай қалдық. Естуімше Израилге көшіп кетіпті. Сол жиендерімді тапқым келеді. Мүмкіндік болса көмектессеңіздер екен. 

Мен, Ербол Молдабайұлы Шултаев, Түркістан облысының тұрғынымын. Мен әпкем Рабиға Шултаеваға іздеу салып отырмын. Әпкем Рабиға 1982 жылы 26 желтоқсанда туған. Ол Тараз қаласына жұмысқа кеткен, 2007-2008 жылдары үйге соңғы рет келіп кетеді, содан бері хабарсыз. Өзі кейде атын «Рабиға» деп емес «Лаура» деп айтып жүретін. Ешқайда арыз жазбадық келіп қалар деген үмітпен жүрдік.

Хабарда аты-жөні аталған азаматтарды танысаңыздар, 8-707-53-55-383 нөміріне хабарласыңыздар, хат жолдаңыздар.

ЖАҚЫНЫҢЫЗ ЖАНЫҢЫЗДАН ТАБЫЛСЫН!