Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы көлемі 522 610 теңгені құрайды

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы көлемі 522 610 теңгені құрайды

 «Осы жылдан бастап зейнетақы аннуитетінің құны айтарлықтай төмендеді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Сағи Әжібек брифингте айтты. Егер былтыр 55 жасқа толған ер адамдар үшін зейнетақы аннуитетінің шартын жасау үшін жеткіліктілік сомасы шамамен 11 миллион теңге болса, осы жылдан бастап бұл көрсеткіш 6,7 миллион теңгеге дейін төмендеген. Ал 52 жастағы әйелдер үшін жеткіліктік сомасы шамамен 15 млн. теңгеден 9,0 млн.теңгеге төмендеген. Төлемдері 55 жастан басталатын кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін 45 жастан алу үшін ер адамда кемінде - 6,1 миллион теңге, ал әйелде - 7,7 миллион теңге болуы керек дейді Сағи Әжібек .

*****

Қазақстанда ай сайын төленіп отырған ең жоғары зейнетақы көлемі 522 610 теңгені құрайды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мәлім етті. «2021 жылдың 1 ақпанына БЖЗҚ 167 423 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 73,8 миллиард теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды. Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 25 886 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңге болды», - делінген ақпаратта.

*****

Маңғыстау облысында ерікті түрде «Спутник V» вакцинасын алған медицина қызметкерлері екпенің 2-ші компонентін ала бастады. Бұл туралы Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев айтты. Оның айтуынша, бүгінге дейін барлығы 350 медицина қызметкері екпе алған. Вакцинаның бірінші компонентін алғандар бүгін күні дәрігердің рұқсатынан кейін 2 рет вакцина салдырады. Бұл кезең 1 наурызға дейін жалғасады.

*****

Ауылдық туризм, агро туризмнің дамуы – ол ауыл тұрғындары үшін қосымша табыс көзі болса, ел экономикасы үшін де оң нәтиже беретін сала. Бұл туралы Қазақстандық агро - ауыл туризм Ассоциациясының вице - президенті Алмас Сетербаев айтты. Қауымдастықтың құрылғанына бір жылдай болса да, осы уақыт аралығында ассоциация мүшелері Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Түркістан өңірлерінде ауылдық туризмның артықшылықтары мен пайдасы туралы жобалар жасап, кездесулер ұйымдастырды. Нәтижесінде жобаға қызыққан Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау ауылының кей тұрғындарының табысы 2 млн-ға жетті. «Биыл Қауымдастық жұмысы кеңейіп жолбалар еліміздің 7 өңірінде жүзеге асырылмақ», дейді Қазақстандық агро- ауыл туризм Ассоциациясының вице - президенті Алмас Сетербаев.

*****

Атырау облысында республикалық және облыстық маңыздағы жолдарда көлік қозғалысы уақытша жабылды. Атырау-Индер, Сағыз-Мақат, Атырау-Аққыстау тас жолдары барлық көлік түрлері үшін жабық. Көктайғақтан қала ішіндегі көлік қозғалысы да қиындады. Жарақат алғандар 200-ден асты. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға боранда алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.