Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

​Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы Парламент өкілі Үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың атап өтуінше, бүгінгі телевизиялық контенттің көрермен ең көп қарайтын уақыты – прайм-таймда (18:00 – 24:00) ұлттық санаға соққы болатын, халықтың ар намысына тиетін тақырыптарға арналып отыр. Депутат рейтинг көтеруге бағытталған сенсациялық тақырыптарға арналған ток-шоулар идеологияны насихаттау үшін жұмыс істемейді деген пікірде. «Қазақстанның ақпарат саласындағы заңнамасында телеарналардың басты қағидаты болуға тиісті «ұлттық құндылықтарды сақтау», «дәріптеу», «насихаттау» деген ұғым-түсінік жоқ. Біз отандық арналардың барлық иелерінен эфирде көрсетілетін кез келген контенттің ұлттық құндылықтар қағидасына негізделуін талап етпейінше қоғамдағы руханият деңгейі көтерілмейді. Халықаралық тәжірибені зерделей отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінен заңнамада жоғарыда аталған талапты көздейтін нормаларды қарастыруды және тиісті заңнамалық актілерге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыруды сұраймын», - дейді сенатор.

*****

Бүгіннен бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға болады: - дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық сырқаттарды емдеу. Сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу; - Қазақстан Репсубликасының аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация); - операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық); - радионуклидтік және радиойодтерапия; - радиохирургиялық емдеу; - протон терапиясы; - офтальмологиялық қызметтер.

*****

«Жақсы дәрігер». Елордадағы Ұлттық музейде осындай атаумен фотокөрме өтеді. Шара карантин кезінде өз өмірлерін тәуекелге тігіп, елдің аманатын орындап, тәулік бойы көз ілмеген ақ халаттыларға арналады. Экспозицияға 200-ден астам фотосурет қойылмақ. Әрбір кадрде дәрігерлердің мейірімді көзқарасы мен тынымсыз еңбегі анық таңбаланған. Сондай-ақ, көрменің ашылу салтанаты барысында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Батырлар өз ортамызда» атты кітаптың /white book/ тұсаукесері болады. Аталған кітапта Нұр Сұлтан қаласы әкімдігі, денсаулық сақтау қоғамдық басқармасына қарасты пандемияда қызмет еткен дәрігерлердің еңбектері насихатталған. Шараның ашылуы бүгін сағат 16-ға жоспарланған.

*****

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бүгін бас шаһардағы Ұлттық академиялық кітапханада «Аманат» Қазақ күйлері антологиясының» қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жинағының тұсаукесері ұйымдастырылады. Жинақты «Сауап» қоғамдық қоры өз қаражатына шығарған. Әрбір кітап байырғы әрі бірегей күйлер жазылған цифрлық тасығышпен жабдықталған. Жоба – қазақ халқының байырғы бай музыкалық және шығармашылық мұрасын қайта жандандыруға, қазақтың мыңдаған ғасырлық музыка мәдениетінің інжу-маржандарын келер ұрпаққа табыстауға, ұлтымыздың рухани асыл қазынасын елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде де насихаттауға, азаматтардың эстетикалық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Жоба мұнымен аяқталмайды: «Сауап» қоры «Аманат» циклының ІІ-ші бөлігін – «Қазақтың жыр-дастан, терме-толғаулары» жобасын жүзеге асыруға кірісті. «Аманат» жобасының ІІІ-ші бөлігі – «Қазақ өлеңдері» болады.