Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

"Ұзыншұлық Пиппи" қазақ тілінде жарық көрді

Шведтің әйгілі балалар жазушысы Астрид Линдгреннің 100-ге жуық тілге аударылған «Ұзыншұлық Пиппиі» қазақ балаларына тіл қатты. Кітапты елордадағы «Фолиант» баспасы басып шығарған. Мира Сембайқызы ағылшын тілінен тәржімалаған. Кітаптың оқырманмен қауышу рәсіміне Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Матс Фойер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Досжан мен Баянғали Әлімжанов, балалар жазушысы Серікбол Хасан қатысты.



Іс-шараны Қазақстан Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді. 76 жыл бұрын шыққан әдеби туынды екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі шведтік балалар үшін бостандық, өмірге деген сүйіспеншілік символына айналған.

Бұл шығарма ЮНЕСКО-ның әлемде ең көп аударылған кітаптар тізімінде 5-ші орында тұр.