Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 25.02.2021

Қорытынды жаңалықтар 25.02.2021

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындау мәселесі талқыланды. Тұңғыш Президент пандемия кезінде бұқараға қол ұшын созудың маңыздылығын айтып, жұртшылыққа жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыру керектігін жеткізді. Ал Бауыржан Байбектің айтуынша, партия бағдарламасына енген жұмыс жоспарының 24 пайызы биыл жүзеге асады. Ол үшін арнайы жол картасы әзірленген. Ал, берілген уәденің барлығы алдағы 5 жылда толығымен орындалады,-дейді партия төрағасының бірінші орынбасары.

*****

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтті. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырып, бұл мәселеге түбегейлі нүкте қойды.

*****

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй мәселесі азаматтарымыз үшін әлі де өзекті болып отырғанын айтты. Қазір азаматтар өзінің зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана бастады. Бұл бұрын-соңды болмаған теңдессіз қадам. Жаңа бастаманың жүзеге асқанына бір ай ғана уақыт өтті. Соның өзінде мыңдаған азамат көптен күткен баспанасын алды, ипотекасын өтеді немесе несиесін азайтты. Былтыр тұрғын үй құрылысының қарқыны 11,2 пайызға өсті. Бұл - жақсы көрсеткіш. Бірақ өңірлердің ахуалы әркелкі және тұрғын үйлердің көпшілігінің бағасы әлі де қымбат. Осы орайда Президент қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасап, баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасындағы бағамен сатып алу керектігін айтты. Мұндай тәсіл сынақ жобалары аясында алдын ала пысықталды. Енді мұны бүкіл ел бойынша жүзеге асырған жөн. Бұл қадам аз уақыттың ішінде құны қолжетімді жаңа тұрғын үйлер салуға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

*****

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аудан әкімдерінің тікелей сайлауын 2024 жылы өткізуді ұсынды. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады», - деді Мемлекет басшысы.

*****

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге қатысты фактілердің жолын кесу керектігін айтты. Бұл өте байыпты мәселе. Өйткені, ұлттық қауіпсіздігімізге қатысты. Бұған жол беруге болмайды», - деген Президент мұндай заң бұзушылықтар үшін жауапкерш ілікті қатаңдату талап етілетінін жеткізді.

*****

Үш компания қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқару үшін БЖЗҚ-мен шарт жасады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бағалы қағаздар нарығын дамыту басқармасының бастығы Александр Камчатныйдың мәліметінше, бұл тізімге «Jysan Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «BCC Invest» АҚ енген. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін осы компаниялардың басқаруына беру үшін салымшы БЖЗҚ-қа тиісті өтініш беруі қажет. Бүгінде тиісті өтінішті 99 қазақстандық жолдаған. Аударылатын қаражаттың жалпы сомасы 257 млн теңгеден асады», - деді Александр Камчатный.

*****

Бүгін қазақстандықтар емделу үшін зейнетақы жинағын алуға өтініш бере бастады. Өтініштер www.enpf-otbasy.kz сайты арқылы қабылданады. Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесіне орфандық ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, емдеу, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындау үшін диагностикалық зерттеулер; - Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер, операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары, радионуклидтік және радиойодтерапия, радиохирургиялық емдеу, протон терапиясы және офтальмологиялық қызметтер кіреді. Бұл тізім халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.

*****

Қазақстанда жаңа кен орны ашылды. Қойнауында орасан зор көлемде мұнай мен газдың қоры жинақталған кеніш Маңғыстау облысында табылып отыр. Мамандар Маңғыстау және Бейнеу аудандарында орналасқан Тепке учаскесін 2018 жылдан бері зерттеп келген еді. Бұл аумақта бұрғылау жұмыстары өткен жылдың 4 қарашасында басталған. Жердің төменгі қабаттарын сынау уақытында ТЗ-бірінші барлау ұңғымасынан мұнай атқылады. Алғашқы сараптамалар бойынша аталған жер учаскесінде құрамында күкірті жоқ, сапасы өте жоғары мұнай мен газдың қоры бар. Мамандардың айтуынша, Тепкедегі кен орны - еліміз тәуелсіздік алған тұстан бері Маңғыстау өңірінде ашылған ең ірі кеніш деп атауға толық негіз бар. Қазір мұнда мұнай қорын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа кен орнына даңқты маңғыстаулық геолог-барлаушы Халел Өзбекқалиевтің есімі берілді.