Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі жұмысы мен жетістіктері туралы айтты. Президентке ірі жаһандық инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығы артқаны жөнінде мәлімет берілді. Бұған- Kaspi.kz акцияларының Лондон қор биржасына ашық түрде сәтті орналастырылуы себеп . Сонымен қатар кездесуде компанияның қатысуымен мемлекеттік цифрландыру жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен Kaspi.kz компаниясының бірлескен жұмыстарының перспективалық бағыттары белгіленді.

*****

Қазақстанның экономикалық құрылымының төрттен бір бөлігін өнеркәсіп саласы құрап отыр. Бұл туралы Үкімет сағында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Оның айтуынша Индустрияландыру картасы аясында 2010-2020 жылдары шамамен 9,1 трлн теңге сомаға 1527 жоба іске қосылған. Блтыр Кәсіпорындар 13 трлн теңгенің өнімін өндірген. «Осы жылдар ішінде өңдеуші сектор кәсіпорындарынан түсетін салықтар жиынтығы 9 трлн теңгеден асып, 3 есе өсті», - деді Бейбіт Атамқұлов.

*****

Биыл Қазақстанда көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға арналған қаржыландыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 120 млрд теңгеден астам сомаға өсті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Шәпкенов мәлім етті. Сонымен қатар министр елдің барлық өңірінде жұмыспен қамту, оқыту және басқа да мәселелер бойынша көмек көрсету үшін отбасын қолдауға арналған 31орталық ашылғанын жеткізді.

*****

25 ақпан күні Қазақстан аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі ұшып келді. ҚР ДСМ Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, бір тәулікте елімізге шетелден барлығы 2178 жолаушы келді. Олардың 1682-сінде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 496- сы анықтамасыз келді. Олардың барлығы да Қазақстан азаматтары. Олар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

*****

26 ақпандағы жағдай бойынша, ел өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.