Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ШҚО-ның Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады

ШҚО-ның Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады

Елордада көру қабілеті нашар бүлдіршіндерге арналған балабақша мен мүгедек жандарға арналған бірнеше оңалту орталығы ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Көру қабілеті нашар балаларға арналған мамандандырылған 90 орындық балабақша көктемде Сарыарқа ауданында ашылады. Сондай-ақ ипподром базасында балалар иппотерапиямен айналыса алатын жабық манеждің құрылысы жүріп жатыр. Ал «Жастар» сарайында ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бассейн болады. Инватакси саны 2 есе артады, - деді Елорда әкімі. 

*****

ШҚО-ның Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов айтты. Ол Тарбағатай ауданында салынады. Әкімнің айтуынша, мұнда жылына 25 млн. тоннаға дейін кен өндіріледі. Жалпы биыл өңірде 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, құны 498 млрд. Теңгеге бағаланған 14 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. 

*****

«Қазгидромет» деректері бойынша 8 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қарағанды, Маңғыстау, СҚО және Түркістан) дауылды ескерту жарияланды. ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс ітейді. Осындай штабтар Ақмола, Қарағанды, СҚО, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында да бар. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 22 учаскесі және 9 өңірде 32 облыстық маңызы бар учаске жабылды. Жабық жол учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін 473 жылыту пункті дайын. Құтқарушылардың бірнеше рет жасаған ескертуіне қарамастан ұзақ сапарға шығушылар саны азаймай тұр.

*****

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113 млн. 500 мың адамға жетті. Олардың 89 млн-ы жазылып шыққан. Қауіпті індет 2 млн. 520 мыңдай адамның өмірін қиды. Ал елімізде кеше коронавирусты 855 адам жұқтырғаны анықталды. 

*****

Пандемия басталғалы АҚШ-та жұмыссыздар саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24». 2020 жылдың сәуір айында 23 млн-нан аса адам жұмыс таппай қиналған. АҚШ Еңбек Бюросының мәліметі бойынша қазіргі жағдай айтарлықтай жақсарған. Қазір жұмыссыздар саны 10 миллионнан асады. Америкалықтарға қосымша жәрдем ретінде Ақ үй басшысы Джо Байден 2 млрд долларға жуық ынталандыру пакетін қабылдауды ұсынған еді. Ол бойынша әр тұрғынға бір рет 1400 доллар төлем қарастырылған. «Алайда оның өзі жеткіліксіз», - дейді шағын бизнес өкілдері.

*****

Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты қайта жанданды. Бұл жолғы жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Қосалқы құрам қатарындағы спортшылардың додасында үздіктер анықталып, ұлттық жастар құрамасы жасақталады. Өскеменде өткен кездесулердің нәтижесінде талдықорғандық «Жетісу-2» алда келеді. Ал, фавориттердің бірі саналатын «Алтай» командасының қосалқы құрам ойыншылары турнирлік кестенің 5-ші орнына жайғасқан.