Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада апатты үйлерден жыл сайын 300-ден астам отбасы көшірілетін болады

Елордада апатты үйлерден жыл сайын 300-ден астам отбасы көшірілетін болады


Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың хал-жайы туралы айтты. 27 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам короновирус инфекциясынан (13 523 КВИ+ және 6 757 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 380 пациент стационарда, 15 900 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 253 адамның жағдайы ауыр; 49 пациенттің жағдайы өте ауыр; 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

*****

Елордада жыл сайын 300-ден астам отбасын апатты үйлерден жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттерді табыс еткен қала әкімі Алтай Көлгінов айтты. Сондай-ақ қала басшысының атап өтуінше, алдағы жылдарда 130 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері, 85 шақырым нөсер кәрізі, қосалқы станса және 177 шақырым электрмен жабдықтау желілері, 23 шақырым жылумен жабдықтау желілері, 3 кешен нөсер кәріздерін тазарту құрылыстары салынады. Сондай-ақ, 6 мектеп, бірқатар медициналық орталық, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 50 саябақ пен сквер құрылады, 123 шақырым велосипед жолдары төселеді.

*****

Орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін сәуір айының ортасында өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін Даниярдың промоутері Эдди Хирн қазақстандық үшін сәуірде Деметриус Андраде (29-0, 18 KO) — Лиам Уильямс (23-2-1, 18 KO) бокс кешінің андеркартында жекпе-жек ұйымдастыру жоспары туралы айтқан болатын. Енді Matchroom Boxing басшысы алдағы өтетін шоудың күтіліп отырған датасын нақтылады – бұл 17 сәуір. Бокс кеші АҚШ-тың Род-Айленд штатының Провиденс қаласында ұйымдастырылмақ. Қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге белгісіз. Хирннің айтуынша, артық төлем жасауға тура келсе де, олар Данияр үшін мықты қарсылас табуға тырысады. Еске сала кетсек, 27 қараша күні өткен соңғы жекпе-жегінде Данияр бұрынғы әлем чемпионы, Намибия боксшысы Джулиус Индонгоны (23-3, 13 КО) екінші раундта нокаутқа жіберіп, IBF Inter-Continental-дың бос титулын жеңіп алды.

*****

Түркістан облысының мемлекеттік санитар дәрігері Нұрбек Нышанов Қазақстан Суперкубогі матчтарына көрерменнің келуіне рұқсат берді, деп хабарлайды Prosports.kz. Жаңа қаулыға сәйкес, келетін көрермен саны стадион сыйымдылығынан 30% аспау қажет. Сондай-ақ көрермендер 1,5-2 метр арақашықтық сақтауы керек. Биыл 2-6 наурыз аралығында Қазақстан Суперкубогі ойындары «Түркістан Арена» стадионында өтеді. Турнирге былтырғы Қазақстан чемпионы («Қайрат»), чемпионаттың жүлдегерлері («Тобыл», «Астана») және біріншілікте 4-орын алған команда («Шахтер») қатысады. Суперкубок екі жартылай финалдық матч (2,3 наурыз), 3-орын үшін ойын (5 наурыз) және финалдық кездесуден (6 наурыз) тұрады.

*****

Софияда өтіп жатқан халықаралық бокс бәсекесінде Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz. Атап айтқанда, Ангелина Лукас, Надежда Рябец және Валентина Хальзова чемпиондық атақ үшін жұдырықтасатын болады. Жартылай финалда жеңіліс тапқан Карина Ибрагимова жарыстың қола жүлдегері атанды.