Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде 1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді

Елімізде 1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді

Президенттік жастар кадр резервінің тағы төрт өкілі басшылық лауазымға тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды. «Президенттік жастар кадр резервінің тағы төрт өкілі басшылық лауазымға, атап айтсақ, Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы, Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы, сондай-ақ Қайрат Райымқұлов Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды», - деп жазды Ерлан Қарин. Оның айтуынша, Президенттік жастар кадр резерві жасақталғаннан бері барлығы 176 резервші жұмысқа орналастырылды. Олардың ішінде 14 саяси қызметші, «А» корпусының өкілдері - 4, «Б» корпусының өкілдері - 87. Сондай-ақ 36 резервші түрлі мемлекеттік органдар басшыларының штаттан тыс кеңесшілері лауазымына тағайындалды және консультативтік-кеңесші органдардың құрамына енгізілді.

*****

Франция соты елдің бұрынғы президенті Николя Саркозиді сыбайлас жемқорлыққа және судьяға пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, бірақ оның екеуін шартты түрде өтейтін болды. Ал Саркози айыптауларды жоққа шығарды және бұл «саяси оппоненттердің қудалауы» деп санайды. Осы уақытқа дейін Франция президенттерінің біреуі ғана өкілеттігі аяқталғаннан кейін бір рет сотталды, бірақ оның өзінде ол түрмеде отырған емес. Тергеушілер алдымен - 2007 және 2012 жылдардағы екі сайлау науқанын қаржыландыруды мұқият тексерген. Саркозиге қарсы басқа да айыптар тағылды, олар: сыбайлас жемқорлық және қызмет бабын асыра пайдалану. Айыптау Саркози мен оның адвокаты Тиерри Эрзогтың телефон арқылы сөйлескен жазбаларына негізделген, ол экс-президентпен бірге айыпталды. Сот ісінің тізбегі мұнымен бітпейді. Жаңа сот процесі наурызға жоспарланған, онда Саркози мен оның 13 серіктесі 2012 жылғы сайлау науқанын заңсыз қаржыландырды деген айыптауға жауап беруі керек. Саркози алаяқтыққа қатысы бар деп күдікке ілінуде, ол сайлау науқаны шығындарын заңмен белгіленген лимитінен екі есе асырған деп айыпталуда.

*****

Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады. Бұл жайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ҚазАқпаратқа берген сұхбатында мәлім етті. «Жақында жергілікті сайлау өтеді. Референдум өткізу белгіленді, оны біз де әділ өткіземіз. Күзде парламент сайлауы өтеді», - деді ол. Қазіргі депутаттық корпустың өкілеттік мерзімі өткен жылдың қазан айында аяқталды. Алайда, парламенттік сайлаудан кейін басталған наразылықтар олардың нәтижелерінің жойылуына, сондай-ақ президент Сооронбай Жээнбеков пен Үкіметтің отставкаға кетуіне әкелді. Нәтижесінде алдыңғы шақырылымдағы депутаттар өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруды жалғастырған болатын. Өткен жылдың соңында олар «2021 жылдың 1 маусымынан кешіктірмей» жаңа парламент сайлауын өткізуді көздейтін заң қабылдады.

*****

Елімізде жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Қай пәндердің сыныпта, қай пәнді қашықтан оқытылатынын және оқу сағаттарының санын мектеп әкімшілгі өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, дербес қабылдайды. Білім және ғылым министрлігі өз тарапынан «Көркем еңбек» және «Музыка» сабақтарын қашықтан оқытуға ұсыныс жасаған. Мектептерде балалардың қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау үшін барлық жағдай қамтамасыз етілуге тиіс. 6-8 және 10 сынып оқушыларын сабақтан тыс жеке оқытуға да рұқсат етілді. Бұл ата-ана мен мұғалімнің келісімі бойынша жүргізіледі. Талап бойынша топтағы оқушы саны 15-тен аспауға тиіс.