Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түркістан облысы мектептерінде оқушыларды аралас оқытуға рұқсат берілді

Түркістан облысы мектептерінде оқушыларды аралас оқытуға рұқсат берілді

Елбасы Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті. Жүздесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып сайлануымен құттықтап, тәуелсіздік жылдары бауырлас екі ел арасында қол жеткізілген ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Өз кезегінде Садыр Жапаров Қазақстанның Тұңғыш Президентіне екі ел арасында байланыс орнату және нығайту жолындағы жасампаз еңбегі үшін алғысын білдірді.

*****

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен Премьер-Министр Асқар Мамин кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік-көлік және шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы күрес аясындағы бірлескен шараларды талқылады. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы $796,2 млн асқан. Тараптар бұл көрсеткішті $1 млрд-қа дейін жеткізуге және сатылатын тауарлар мен қызметтер түрін кеңейтуге ниетті. Экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында жақында үкіметаралық кеңестің кезекті отырысын өткізу жоспарланып отыр.

*****

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамнан коронавирус анықталды. Науқастар еліміздің барлық аймағында тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 214806-ға жетті. Оның ішінде 198726 адам жазылды. Күні кеше 944 науқас вирустан емделіп шықты.

*****

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Ashyq» қосымшасын пайдалана бастаған нысандарды тексерді. Шахарда QR-код жүйесін 27 кәсіпкерлік нысан енгізді. Оның арасында қоғамдық тамақтану орындары, фитнес-орталықтар, сауналар, моншалар тағы басқалары бар. Алдымен смартфонды QR-кодқа жүктелген қосымшамен алып, сканерлеу және кіру жеткілікті. Экранда статустың күйі көрсетіледі (көк, жасыл, қызыл немесе сары). Шығу кезінде- шығуды бекіту үшін QR кодын сканерлеу керек. Сонымен қатар, бұл қосымша мекеменің жұмыс режимін бақылау үшін ыңғайлы,-дейді қаланың бас санитар дәрігері. Айта кетейік, «Ashyq» мобильдік қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау арқылы келушінің мәртебесін анықтауға, яғни коронавирус тасымалдаушы ма, жоқ па деген сауалды нақтылауға мүмкіндік береді.

*****

Түркістан облысы мектептерінде оқушыларды аралас оқытуға рұқсат берілді. Аймақтың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда желілерінің қызметін ондағы орналасқан дәріханаларды, азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сату жөніндегі супермаркеттерді қоспағанда, жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін жүмыс істей алады. Мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілер ашылады. Ал, діни объектілерде намаз оқуға рұқсат етілген. Сондай-ақ, бильярд клубтарының жұмысы жанданады. Қалыпты режимде контингенті 300-ге дейінгі мектептерде сыныптағы бала саны 15-ке дейін болатын қалалық және ауылдық мектептерде оқушылар дәстүрлі форматта білім алады. Жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін қоса алғанда оқушыларды аралас оқытуға мүмкіндік берілді. Балалар ойын-сауық орталықтары 30% толтырып, 50 адамнан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Бұл ретте барлығына қойылатын басты шарт – маскалық режимді, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық талапты сақтауы міндетті.