Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады
  • Коллекторлардың заңсыз әрекетіне жол бермеуге қатысты талаптар күшейтіледі. 
  • Қырғызстан Президенті манасшы Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады.
  • Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады. 


Коллекторлардың заңсыз әрекетіне жол бермеуге қатысты талаптар күшейтіледі. Заң жобасының мақсаты – қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту. Депутаттар қолданыстағы заңға кредит беру тәуекелдерінің өсуіне және азаматтардың борыштық жүктемесінің шамадан тыс өсуіне жол бермеу; - дауларды реттеу, коллекторлардың жосықсыз әрекеттерінің жолын кесетін заңдық тетіктер енгізді. Бұл түзетулер бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдарына капиталдандырылған мерзімі өткен сыйақыға (тұрақсыздық айыбына, айыппұлдарға, өсімпұлдарға, комиссияларға) сыйақыны есепке жазуға тыйым салу мен қаржы ұйымдарының жарнамасына мониторингті жүзеге асыру көзделген. 

*****

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қазақстандағы манасшы, танымал жазушы, драматург Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Баянғали Әлімжанов - суырып салма ақын, жыршы әрі балалар жазушысы, 50-ден аса кітаптың авторы. Еске сала кетсек, кеше Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және кеңейтілген құраммен Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшылары ортақ бірлескен мәлімдеме жасады. 

*****

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы іске қосылатын 5 ірі өндіріс ошағының тізімін жариялады. Тізімде бірінші болып Атырау облысында ашылатын «KPI» газ-химия кешені тұр. Кәсіпорын іске қосылғанда 550 жұмыс орны ашылады. Бұдан кейін Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің өңдеу қуаттылығын арттыру жоспары бар. Ол Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. 700 жұмыс орны болады. Тізімде 3-ші болып Қарағанды облысындағы «Жәйрем КБК» АҚ тұр. Мұнда 381 жұмыс орны ашылады. 4-ші Шығыс Қазақстанда «Казцинк» ЖШС Rail-Veyor көлік жүйесін іске қосу жоспарланған. Мұндағы Долинный-Обручев кенішінің өнімділігін арттыру арқылы 320 адамға жұмыс табылады. Бесінші, Қарағанды облысында Сарыарқа ферроқорытпа зауытын салу. Соның арқасында 400 азамат жұмысқа орналасады.

*****

Алматы қаласында Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады. Қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, Роза Бағланованың құрметіне қойылатын ескерткіш Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігінде, Байсейітова көшесінің шығыс жағында орнатылады. «12 наурызға дейін ескерткіштің жобасын жасауға ашық конкурс жарияланды. Әзірге ескерткіш орнатуға қанша қаражат жұмсалары белгісіз», - деді басқармадан. Роза Бағланова - кеңестік, қазақстандық опера және эстрада әншісі. КСРО халық әртісі. Қазақстанның халық қаһарманы.

*****

Көптеген сарапшы коронавирустың мутацияға ұшырауына байланысты қолда бар вакциналардың тиімділігіне күмәндана бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». Жуырда Италияда вирустың «нигериялық штамы» пайда болды. Микробиологиялық зертхананың басшысы Арнальдо Карузоның айтуынша аурудың бұл түріне вакцина көмектеспейді. Ал швед ғалымдары жаңа туған балада коронавирустың мутацияға ұшыраған түрін анықтады. Зерттеу барысында сәбидің вирусты анасының құрсағында болғанда жұқтырғаны анықталды.