Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Швед елімен өзара ынтымақтастық

Швед елімен өзара ынтымақтастық

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректор Жансейт Түймебаев Швейцария елінің экономика және менеджмент бойынша қолданбалы жоғары мектебінің ректоры Доминик Джорданмен онлайн кездесіп, тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Кездесуде сөз алған ректор Жайсейіт Түймебаев: «Қазіргі жағдайда кез келген елдің экономикалық өсуінің басым факторы адами капиталдың сапасы болып табылады. Бұл міндетті шешуде топ-менеджерлер, орта буын басшылары, кадр резервінің мамандары, шағын және орта бизнес иелері мен болашақ кәсіпкерлер алатын бизнес-білім берудің рөлі жетекші мәнге ие. Яғни, бизнес жүргізуде тәжірибесі бар, ақшаны, уақытты және кадрлық ресурстарды басқарудың жаңа сатысына көшуге ниеті бар адамдар жасайды. Бұл бизнес-білімді сапалы университеттер мен мектептер қамтамасыз етеді. Осы тұрғыда біздің университетте жаңа формациядағы менеджерлерді дайындау жұмыстарын жүргізеді. ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебінің базасында ашылған Әл-Фараби Бизнес Мектебі (Al-Farabi Business School) МВА және DBA білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және осы бағыттағы қызметтердің негізгі университет провайдері болып табылады.

Бүгінде Қазақстан мен Швейцарияның ғылым мен білім саласындағы жемісті ынтымақтастығы екі тараптың да серпінді серіктестік пен тәжірибе алмасуға мүдделілігін көрсетеді. ҚазҰУ МВА бағдарламасын дамыту үшін қос диплом бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыруда аса қажеттілік танытып отыр. Біз мамандар даярлаудың швейцариялық тәжірибесін жоғары бағалаймыз және бірлескен бағдарламалар мен сіздердің сарапшыларыңыз қазіргі экономика талап ететін кадрларды даярлау ісіне үлкен үлес қосатынына сенеміз», - деді Жайсейіт Түймебаев. 

Швейцария елінің экономика және менеджмент бойынша қолданбалы жоғары мектебінің ректоры Доминик Джорданның айтуынша, қол қойылған меморандум әртүрлі қызмет салаларында жұмыс істейтін практик-мамандар мен басшылардың кәсіби өсуі мен дамуы үшін кең мүмкіндіктер ашады. 

«МВА-бұл әлемдік деңгейдегі бизнес-білім беру бағдарламаларының және табысты бизнес-кейстермен басқарушылық консалтингтің синтезі. Интеграцияланған құралдар кешенінің көмегімен мамандар коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар мен жеке тұлғаларды дамытудың практикалық міндеттерін шеше алады. Дәрістерді Швейцария мен Қазақстанның жетекші бизнес-тренерлері, сарапшы-практиктер, коуч-психологтар, кәсіби кеңесшілер және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері өткізетін болады»,-деді Доминик Джордан. Сондай-ақ кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми жобалар, бағдарламалар әзірлеу, тәлімгерлердің білімін шыңдау, тәжірбие алмасу бағыттары бойынша білім, ғылым саласын заманауи талаптарға сай дамыту мәселесіне ерекше мән беріп, өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытудың жолдарын қарастырды.