Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда локдаун қандай жағдайда енгізіледі?

Алматыда локдаун қандай жағдайда енгізіледі?

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.  

Көктемгі күн мен түннің теңелуі – бүкіл қазақстандықтар асыға күтетін және ерекше атап өтетін айтулы мереке. Халқымыздың ұлы мәдениеті, бай салт-дәстүрі көрініс тапқан Наурыз мейрамы Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерін ұйыстырады. Тәуелсіздік жылдары бұл мереке ел бірлігінің жарқын символына айналды. Ол татулық, тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің үйлесімді дамуының іргетасы әрі зор жеңістерінің кепілі екенін айғақтайды. Біз Тәуелсіздіктің осы негізгі құндылықтарын көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай нығайтуға тиіспіз. Қазақстандықтар бұл міндетті абыроймен атқарып келе жатыр. Алдағы уақытта да солай боларына кәміл сенемін. Осы шуақты мерекеде Отанымыз – Қазақстан Республикасына шын жүректен тыныштық пен бақ-береке тілеймін. Әрдайым шаңырақтарыңыздан ырыс пен ынтымақ, игілік пен молшылық кетпесін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»,-делінген Елбасының құттықтауында.

*****

Құрылыс алпауыттары елордада жеңілдікпен берілетін 8 мың пәтер салады. Bazis-A, BI-group, G-park сияқты белгілі құрылыс компаниялары «Отбасы банкімен» және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен әлеуметтік баспана салу туралы меморандум жасасты» - деп жазды Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында. Қала басшысының сөзінше, бұл меморандум бағасы жеңілдікпен белгіленген 500 мың шаршы метрден астам баспана салуға мүмкіндік береді. Осы үшін 160 миллиард теңгеден астам инвестиция салынбақ. Бұл үйлер «Отбасы банкінде» шоттары бар кезекте тұрғандарға арнап салынады. Әкімнің дерегі бойынша, ел астанасында 2018 жылы 1100, 2019 жылы 2900, былтыр 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер бой көтерген. Ал биыл тағы 10 мың әлеуметтік баспана салу жоспарланған.

*****

Алматыда локдаун қандай жағдайда енгізіледі? Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қазір ауруханалардағы орындардың 50 пайызы бос емес. Бізде әлі де 4 мыңға жуық төсек-орын қоры бар, оларды қажет жағдайда пайдаланамыз. Егер тәулігіне 500-ден аса пациент ауруханаға жатса, толық локдаун мәселесі қаралады,-дейді санитар –дәрігер. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты 20-28 наурыз аралығында карантин талаптары күшейтілді. Осыған орай, автобустың қозғалыс режимі өзгерді. Сондай-ақ жұғу қаупі 70 пайызға жоғары коронавирустың жаңа штамдары тексеріліп жатқаны туралы белгілі болды.

*****

Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мейрамына орай «Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы «Turkistan» телеарнасы қалың көрерменге жол тартты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған халықаралық «TURKISTAN» телеарнасы түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тілде хабар тарататын арна болмақ. Телеарна күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын назарларыңызға ұсынады. 

*****

Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Петер Буриан қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Еуропалық Одақ Қазақстанмен серіктестік қатынастарды одан әрі де жалғастыра беруге ниетті. Біз жақсылықта да, қиын-қыстау кезде де Қазақстанның сенімді серіктесі болуға мүдделіміз»,-деді Еуроодақтың арнаулы өкілі Петер Буриан әлеуметтік желі арқылы жолдаған құттықтауында.