Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңа қаулы: Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды

Жаңа қаулы: Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды

2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында республиканың барлық өңірлерінде балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілді. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында айтылған. Құжатқа сәйкес «2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында: – республиканың барлық өңірлерінде: контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілді.

*****

Жасыл және сары аймақта орналасқан өңірлердегі мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға болады. Ал қызыл аймақта орналасқан өңірлердегі мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға; оқу бітіретін сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етілмек; Қаулының толық мәтінімен Санитарлық эпидемиолоогиялық бақылау комитетінің сайтынан танысуға болады.

*****

Қазақстанда коронвирусқа шалдығу жағдайлары әлі азаймай отыр. Өткен тәулікте 1100 адамнан індет анықталды. Науқастар еліміздің барлық аймағында тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 237300-ге жетті. Оның ішінде 214714 адам жазылды. Күні кеше 971 науқас вирустан емделіп шықты.

*****

Түркістан облысында бір тәулікте 1500 адам ПТР тест тапсырды. Өңір әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте аймақтағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың баяндауынша, зерттеулер динамикасы бойынша алдыңғы аптамен салыстырғанда ПТР зерттеу саны 1,1 %-ға көбейген. Облыс аумағында медицина қызметкерлері вакцинаның екінші компонентін салдырды. Барлық аудан, қалаларда мобильді топтар жұмыс істеуде. Өмірзақ Шөкеев аудан, қала әкімдеріне мобильді топтардың жұмысын күшейтіп, карантин талаптарының сақталуын бақылауды тапсырды.

*****

«Сары» аймақтағы карантиндік шектеуді елемегендер «Ақтөбе ханымы» байқауын ұйымдастырды. Қазір аймақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті БАҚ-та жарияланған материалды тексеріп жатыр. Облыстың бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, бұл ауқымды шараны өткізу үшін рұқсат берілмеген. Қазір мәдениет басқармасы мен мониторинг топқа сұраныс жіберілді. Олардан шағым түссе, тексеру жүргізіліп, ұйымдастырушыға әкімшілік шара қолданылады», - дейді Нұрсұлу Беркімбаева.

*****

QAZSPORT телеарнасы дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирін тікелей эфирде көрсетеді. Жарыс бүгін Грузия астанасы Тбилисиде басталады. Сайыс барысын 3 күн қатарынан сағат 19-00 ден бастап көре аласыздар. «Үлкен дулыға» жарысына 15 қазақстандық қатысады.