Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 330 адам тіркелді

Алматыда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 330 адам тіркелді

Қазақстанда коронавирусқа шалдығу жағдайлары әлі азаймай отыр. Өткен тәулікте 1100 адамнан індет анықталды. Науқастар еліміздің барлық аймағында тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 237300-ге жетті. Қазіргі уақытта 22 131 адам емделуде. Індетке шалдыққандардың арасында 321 адамның жағдайы ауыр, 75 пациенттің халі өте ауыр, 47 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

*****

 «Қызыл аймақта» тұрған Алматыда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 330 адам тіркелді. Мектеп жасына дейінгі балалар арасында аурушаңдықтың 3 есеге және онлайн оқытудағы оқушылар арасында - 4 есеге өскені байқалады. Ата-аналарға алдын алу шараларының маңыздылығы туралы балалармен түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылады. Бұрынғысынша тәуекел тобында - 65 жастан асқан және созылмалы аурулармен ауыратын адамдарға мүмкіндігінше үйлерінен шықпауға кеңес беріледі. Сонымен қатар, 20-29 жас аралығындағы жастар арасында инфекцияны жұқтыру өсімі тіркеліп отыр. Талдау көрсеткендей, қоғамдық мекемелерден басқа, жеке секторда адамдардың топтасуы көбейгені байқалады - отбасылық іс-шаралардан, үйлену тойларынан, еске алулардан және үйдегі тойлардан жұқтыру жағдайларын тіркеу жалғасуда.  

Сонымен қатар, Елордада карантин кезінде той-жиындар өткізу тыйылар емес. Мұндай бұзушылықтар Нұр-Сұлтан қаласының мониторингтік топ өкілдерінің тексеру жұмыстары барысында анықталуда. Жалпы, осы жылдың басынан бері мамандар 894 рейд жүргізіп, 544 заң бұзушылықты анықтаған. Полиция департаменті кәсіпкерлерге карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

*****

Қостанай облысы жолдарында ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды. «Қазақавтожол» ЖШС аймақтық филиалының хабарлауынша, жеке білікке 8 тоннадан астам жүктеме түсетін автокөліктердің қозғалысына уақытша тыйым салынады. Бұл шара жыл сайын көктемгі кезеңде жолдардың қыс мезгілінен кейін сақталуы үшін жасалады. Шектеулер Қостанай облысында 1 мамырға дейін сақталады. Дегенмен, бұл тыйым халықаралық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларда жұмыс істейтін, азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалдайтын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөлік құралдарына қолданылмайды.

*****

ШҚО-да қар көшкіні қаупі сейілген жоқ. Аймақта жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді. Кеше шамамен 3500 адам тұратын 6 ауылға апаратын Согорное-Барлық автожолында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 10300 текше метрден астам қар түсті. Учаскеде 15 көшкін жинақтаушы бар, ол жерде «Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының бақылаушылары мониторинг жасайды. Осы жұмыстармен қатар бір уақытта Бұқтырма өзені бойындағы тасқын қаупі жоғары ауылдарда мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде. Мамандар Бұқтырма су қоймасының бетіндегі мұздың жұқарғанын анықтап отыр. Сондықтан, Күршім ауданындағы «Қызыл ту» мұз өткелі барлық көлік түрлері үшін жабылды.

*****

Тунисте пара жеңіл атлетикадан Әлемдік Гран При 2021 жарысы аяқталды. Оған 59 елден 479 атлет қатысты. Қазақстанның атынан ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, найза және диск лақтыру, қашықтыққа жүгіру тәртіптері бойынша 12 спортшы қатысып, 9 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында 4 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль бар. Осылайша, Қазақстанның параспортшылары 59 елдің ішінде командалық есепте 12-орынға ие болды.