Қытайлықтар Шыңжаңдағы ахуалды сынаған әлемдік брендтерге байкот жарияламақ

Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 600-ге тарта сотқа дейінгі тергеуді тіркеген. 57 лауазым иесі ұсталып, 54 адамға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған. Айта өтейік, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында өткен брифингіде Солтүстік Қазақстан облысында білім беру бөлімінің қызметшілері табысы төмен отбасылардың балаларына арналған ноутбуктерді жымқыру күдігіне іліккені айтылды.
*****
Сәуір айының екінші жартысында елорда тұрғындарын жаппай вакциналау басталады. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, қазіргі уақытта дәрігерлер, педагогтар, шұғыл қызметтер, әлеуметтік мекемелердің контингенті екпе алып жатыр. Сонымен бірге, басқарма басшысы вакциналаудың тегін жүргізілетінін еске салды. Айта өтейік, елордада коронавирус инфекциясы науқастарының өсімі Наурыз мейрамынан кейін байқалған. Астаналық дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлер қайтадан екі есе жүктемеде жұмыс істеп жатыр. КВИ-мен күресу үшін 11 стационар ұйымдастырылған, оның ішінде 10 инфекциялық, бір карантиндік стационар («Ramada Plaza» қонақ үйі базасында) бар. Қосымша үш ұйымның базасында 300 инфекциялық төсек-орын ашылуы мүмкін.
*****
Қытай тұрғындары мен интернет қолданушылары Adidas, Nike, H&M брендтерінің киімдеріне бойкот жариялауға шақырды. Өйткені, бұл компаниялар Шыңжаңда ұйғырлар мен өзге де мұсылмандар мақта теруге мәжбүрлеп жіберіледі деп алаңдаушылық білдірген. Ал, бірнеше күн бұрын АҚШ, Еуропа одағы, Канада, Ұлыбритания Қытайға қарсы санкция жариялады. Алайда, Бейжің Шыңжаңда мақтаның басым көпшілігі машинамен жиналатынын алға тартып және онда адам құқықтары бұзылды деген мәліметті жоққа шығарып, Еуропа елдерінің 10 тұлғасы мен компаниясына және Лондонға санкция салып отыр.
*****
Шығыс Қазақстанда күн күрт жылынып, Өскемен қаласының маңындағы саяжайларды су басты. Тау арасындағы 226 жаздық үйдің 20-дан астамына су кірген. Құтқарушылар мен қалалық әкімдік өкілдері осы аумаққа арнайы техникамен барып, жағдайды бақылауға алды. Бұл жердегі саяжайлардың екеуінде ғана қыста адам тұратыны анықталды. Бірақ ол үйлерге су кірмеген. Жалпы, Шығыс Қазақстанда соңғы үш-төрт күнде ауа райы күрт жылынып, сай-саладағы қардың көбесі сөгіле бастаған.
*****
Елорданың коммуналдық қызметкерлері жүргізушілерге көліктерін көше жиегіне және рұқсат етілмеген орындарға қалдырмауды өтінді, себебі көліктер қар күреу кезінде кедергі келтіреді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Соңғы күндері Нұр-Сұлтанда ауа райы күрт бұзылып, айлық нормадан бірнеше есе артық қар жауды. Коммуналдық қызметтер екі ауысымда үздіксіз жұмыс істеп жүр. Күн сайын елорданың көшелері, тротуарлары, жолдары, алаңдары секілді өзге де қоғамдық орындардың қарын күреуге екі мыңға жуық жол жұмысшы мен 1 500-ге жуық арнайы техника шығады.