Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

1996 - егемен елдің 5 жылдығы

1996 - егемен елдің 5 жылдығы

1996-шы жыл. Бұл, жаңа Қазақстанның даму жолындағы ерекше кезеңдердің бірі. Өйткені осы жылы, жас мемлекет өзінің бірінші бесжылдығын тарих қойнауына тастап, әлемдік саясатта өркендеудің жаңа белесіне көтерілді. Алғашқы жылдан бастап сыртқы күштердің арандатушылары тарапынан «Тәуелсіздік қазаққа қол емес» дегенге саятын сараптары сандыраққа айналды. Бұл сөзімізге тұздық ретінде 1995 жылдың екінші жартысында, жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданған жаңа контитуцияны айтуға болады. Ал, 1996 жылдың қаңтар айында осы ата заңға сәйкес құрылып, сайлау арқылы іріктелген тұғыш парламенттің ең алғашқы сессиясы өткен еді.

Ия, Жаһанның картасынан күні кеше ғана орын алған жаңа мемлекет осы жыл ішінде не тындыра алатын еді? Шындығына келсек, Қазақстанның алғашқы бес жылдығында тәуелсіз елдерге қойылатын талаптардың барлығы жүзеге асты деп айтуға толық негіз бар. Себебі, әлем елдері Қазақстанды таныды. Халықаралық ықпалдастық артып, дипломатиялық қатынастар орнықты. Бесжылдықтағы ең басты жетістігіміз не еді? Бұл - бейбітшілік пен тұрақтылық. Рас, күні бүгінге дейін әлемнің әрбір елі үшін ең басты, маңызды дүние бейбітшілік пен тұрақтылық болып отырғанын ескерсек, егемендікке қолы жаңа жеткен Қазақстан үшін Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұл мәселе күн тәртібінен еш түскен емес. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, «1996 жылы Қазақстанды 117 мемлекет танып үлгерген, 105 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған. 26 ел бізде өздерінің елшіліктерін ашып, қырық елде біздің елшіліктеріміз бен өкілдіктеріміз жұмыс істей бастаған. Осы уақытта шетелдермен, халықаралық ұйымдармен сегіз жүзден астам келісімшарттарға қол қойылған». Ия, 1996 жылы тәуелсіз елдегі ішкі дүниенің өзі осылай болса, халықаралық аренада Қазақстанға қатысы бар шаралар да бірінен соң бірі тізіліп өтіп жатты. 

1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты Елбасының бастамасымен қолға алынған «Тәуелсіздік монументі» бой көтерді. Монумент авторларының қатында: сәулетшісі Шот-Аман Уәлиханов, мүсіншілер: Нұрлан Далбай, Әділет Жұмабав, сәулетшілер: Қазыбек Жарылғапов, Қалдыбай Монтақаев секілді елге белгілі азаматтар болды. 

1996 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының іргесі қаланды. Бұл аталған ұйымның қалыптасуына Қазақстан да тікелей атсалысты. Десек те, осы ұйымның құрылуына сол кезде біраз жұрт күмәнмен қарағанымен, ол өзінің шынайылығын, қажеттілігін танытты. Ұйымның белгілі бір мемлеккеттерде ғана емес, сондай-ақ әлемдегі беделі де айтарлықтай жоғарылады. 

Шындығында Қазақстан қаншама ауыр кезеңдерді бастан өткергеніне қарамастан, бірлік пен татулықтың еш құлатқан емес. Бірінші бесжылдықтың белесіндегі ең басты жетістік те Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ақ сапалы қаланған осы ұстаным әлі күнге дейін еліміздің жетістігіне ғана емес, халықаралық қауымдастықтар да қызыға қарайтын үлгілі жолға айналды. Егемен елдің тұғыры биік, тәуелсіздігі баянды болғай.

Толығырақ хабардың аудио нұсқасында...