Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 02.04.2021

Қорытынды жаңалықтар 02.04.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Мемлекет басшысына биылғы жылдың І тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы баяндалды. Президентке еліміздің 2020 жылға арналған төлем балансы, жалпы халықаралық резервтерінің жағдайы жөнінде мәлімет берілді. Ерболат Досаев Мемлекет басшысының ел азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Ұлттық төлем жүйесін құру тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап, тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

*****

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Жиында айтылғандай Қазақстанда жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларға Transparency International ұйымы оң баға берген. 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың әлемдік Индексінде біздің еліміз 100-ден 38 балл алды, бұл соңғы жылдардағы ең үздік нәтиже саналады. Отырыс қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді, олардың орындалуы бақылауға алынды.

*****

Қашықтан оқыту кезінде балаларды компьютермен қамтамасыз ету үшін бөлінген қаражатты жымқыру фактілеріне қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты. Оның сөзінше білім беру басқармасының лауазым иелеріне қатысты еліміздің бес өңірінде 6 қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

*****

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты. Эпидемия басталғалы бері Алматыда инфекцияның 35 193 жағдайы тіркелген, оның 24 012-де ауру белгілері бар», - деді әкім.

*****

Қарағанды облысында КВИ емдеуге арналған госпитальдер қайта іске қосыла бастады. «Соңғы аптрада КВИ науқастары санының көбейуін байқап отырмыз. Тәулігіне 95 адамға дейін тіркелуде. Эпидемиялогиялық зерттеулер көрсеткендей, аурушаңдықтың өсуіне наурыз айындағы мерекелер әсер еткен», - деді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев.

*****

Атырауға 3600 доза екпе жеткізілді. Жаңадан келген вакцина жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне жұмсалады дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Спутник V вакцинасының 3600 дозасы Атырау облысындағы 22 егу пунктіне таратылады. Айта кетейік, бүгінгі таңда Спутник V екпесінің бірінші компонентімен өңірдің 3600 тұрғыны, екінші компонентімен 1556 адам егілді.

*****

Шымкенттің бас дәрігері Бақытжан Позилов қала тұрғындарына үндеу жасады. «Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеміз. Арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, адам көп шоғырланған орындарға бармай, сақтық шараларын ұстануға шақырамыз»,- деді Бақытжан Позилов. Айта кетейік, Шымкент қаласы жасыл аймақтан сары аймаққа өткен еді.

*****

Павлодар облысында 28 елдімекенді су басты. Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов айтты. Оның айтуынша, Баянауыл және Ақтоғай аудандарындағы елдімекендер құтқарушылар мен биліктің бақылауында. ТЖД өкілдері Баянауыл ауданының 101-ші шақырымындағы жолдар арқылы еріген қар суының асып кету мүмкін екендігін айтады. Сондайқтан ол жерге көпір салынып, Ащысу өзенінің суын өткізу үшін қосымша екі су өткізу құбыры орнатылады. 

*****

 «2010-2020 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы құны 9,1 трлн. теңге болатын 1 527 жоба іске қосылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Лаура Садықова айтты. 

*****

Биыл пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталады.