Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 05.04.2021

Қорытынды жаңалықтар 05.04.2021

Интернет сапасы нашар 286 ауылдағы байланыс 3G стандарттарына сәйкестендіріледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Талшықты оптика сымдары бойынша 1250 ауылдық мекенге интернет жеткізілді. 928 ауылға мобильді интернет тартылды. Жалпы алғанда, 5300 ауылды мекенде интернет бар », - деді Бағдат Мусин.

*****

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Рамазан айы қарсаңында мегаполис тұрғындарына үндеу жасады. «былтыр ауызашар кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан еді. Осыны ескеріп биылғы Рамазан айында біздің азаматтарымыз ұжымдық іс-шараларды, соның ішінде үйге қонақ шақыруды азайтуларын сұраймыз»,- деді ол. Еске салайық, Алматыда шектеулі карантиндік шаралар жеңілдетілді. Сауда орталығы мен базарларға жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында жазылған.

*****

Қостанай облысында медицина қызметкерлерін, мұғалімдер мен полицейлерді вакциналау жалғасуда. 800-ге жуық ішкі істер органдарының қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина алды. Қостанай облысы Полиция департаменті медицина бөлімінің басшысы Қайрат Нұртазенов атап өткендей, ведомствоның 2511 қызметкерін вакциналау жоспарланып отыр.

*****

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматта өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты. «Білім және ғылым министрлігі білім саласын ары қарай жетілдіру бойынша бірқатар жұмысты атқаруда. Соның ішінде ашықтықты, адалдықты қамтамасыз ететін цифрландыру процесіне көшкеніне біраз уақыт болды. Бастапқы уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу өзімен екі функцияны алып жүрді», - деді Шолпан Каринова.

*****

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар тобы су тасқынының алдын алу шараларын жүргізуде. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өңірдегі су басу қаупі төнген аймақтарға арнайы техникалар мен әскерилер жеткізілген еді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды облыстық №52859 әскери бөлімінің қызметкерлері қазіргі уақытта Көкпекті ауданы Самар ауылында және Алтай ауданының су басу қаупі төнген екі аймағында тасқынға қарсы шараларды қолға алған. Құрамында 50 адамы бар жеке құрам жергілікті атқарушы органдарға және ауыл жұртшылығына қарды шығару және арықтарды, су өткізу нысандарын тазалау бойынша жұмыстарға белсенді көмек көрсетуде.

*****

Түркия елінде туристік сала қызметкерлеріне COVID-19 қарсы вакцина егіле бастады. Ол «Қауіпсіз туризм сертификаты» бағдарламасы аясында қолға алынды. Бұл туралы Түркияның туризмді насихаттау және дамыту Агенттігінің басқарма мүшесі Еркан Йаккы қазақ- қырғыз журналистерімен онлайн режимінде өткен бейне – конференция кезінде айтты. Алдын-ала жоспар бойынша биыл Түркия 32 миллион турист қабылдамақ. Елге келген шетелдік туристер мен туристік сектор қызметкерлерінің денсаулығына, денсаулығының қауіпсіздігіне баса мән беріледі. «Біз туризм саласында жұмыс істеп, көпшілікпен байланысқа түсетін қызметкерлерге вакцина егу жұмыстарын бастадық. Вакцина егу мен «Қауіпсіз туризм сертификаты» бағдарламасы арқылы туризм саласы жанданады деп ойлаймын. »,- деді Түркияның туризмді насихаттау және дамыту Агенттігінің басқарма мүшесі Еркан Йаккы. Айта кетейік, Түркияға сапар жасайтын туристерге қойылатын талаптардың бірі , олар 72 сағат бұрын арнайы форма толтырып, ПТР тестінің теріс нәтижесін жүктеулері керек.

*****

Ресейдің Қазан қаласында жүзуден Ресей чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин аталған біріншілікте 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша жартылай финалға өтті. Баландин тиісті қашықтықты 27,62 секундта бағындырып, бесінші орыннан көрінді. Нәтижесінде турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Айта кетерлігі, бүгін ерлер арасында 50 метр брасс әдісімен жүзуден жартылай финал және финалдық сын өтеді. Жартылай финалдық бәсеке Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де, ал финал 22:36-ға жоспарланған.