Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақылы жолдардан қанша қаражат түседі?

Ақылы жолдардан қанша қаражат түседі?

Қызыл аймаққа көршілес орналасқан облыстар карантиндік шектеулерді күшейту іс-шараларын алдын ала пысықтауы қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

*****

Биыл елдегі ақылы жолдардан 25,6 млрд теңге алым жинау көзделген. Үкімет отырысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ақылы жолдар мәселесіне тоқталды. «Реконструкциядан өткен автожолдарды күтіп-ұстау үшін ақылы жолдар іске қосылуда. Ол шығындарды толық жабуға және республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Наурыз айында 5,8 мың шақырым жол ақы алу жүйесі бойынша пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 25,6 млрд теңге алым жиналады деп жоспарланған. Оның 20 млрд теңгесі ақылы учаскелерді күтіп ұстауға, 5,6 млрд теңгесі инвестицияларды қайтаруға бағытталады», - деді ведомство басшысы. Сондай-ақ, Бейбіт Атамқұлов 2024 жылдың соңына дейін 5,2 мың шақырым жолда реконструкция жұмыстары аяқталғаннан кейін, ақылы жүйе енгізілетінін атап өтті.

*****

Индонезия мен Шығыс Тимордағы су тасқыны мен көшкін салдарынан 157 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап. Индонезияның табиғи апаттарды жою агенттігінің хабарлауынша, аралдарда мерт болғандар саны 130-ға жеткен, ал Шығыс Тиморда 27 адам көз жұмған.

*****

Футзалдан Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионаты топтық іріктеу кезеңінде бүгін, 6 cәуірде cырт алаңда Венгриямен кездеседі. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық футзалшылар үш ойын өткізді. Оның барлығында жеңіске жетті. Алдымен елордада бүгінгі қарсыласы - Венгрияны 5:0 есебімен тізе бүктірсе, одан кейін Беларусьтен 5:2 есебімен басым түсті. Үшінші ойында сырт алаңда Беларусьті 5:1 есебімен сүріндірді. Бүгінгі ойында қазақстандық футзалшылар жеңіске жеткен жағдайда Еуропа чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алуына мүмкіндігі бар. Ойын елорда уақытымен 17.55-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазір турнир кестесінде үш ойыннан кейін тоғыз ұпай жинаған Қазақстан құрамасы көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Венгрияның 6, Беларусь пен Израильдің 3 ұпайы бар. Айта кетелік, қазақстандық футзалшылар бұдан бұрын Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінде екі мәрте бақ сынады. 2016, 2018 жылдарда қола жүлде алды. Еуропа чемпионатының финалдық сатысы 2022 жылдың 19 қаңтар және 6 ақпан аралығында Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында өткізіледі.