Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Британдық штамм ауруханаға жатқызу мен өлімнің жоғары ықтималдығымен қауіпті – А. Цой

Британдық штамм ауруханаға жатқызу мен өлімнің жоғары ықтималдығымен қауіпті – А. Цой

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Ағымдағы жағдай, халықты вакцинациялау барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, әлемде COVID-19 ауруы мен одан өлім-жітім бойынша жағдай шиеленісе түсуде. Бүгінгі күні әлемнің 221 елінде 130 млн астам КВИ жағдайы тіркелген, аурушаңдықтың өсуі — 0,5. 2,8 млн астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші 2,2% құрады. 2021 жылдың қаңтарында сырқаттанушылықтың жалпы әлемдік статистикасы аздап төмендегеннен кейін, ақпан айынан бастап тұрақты өсу үрдісі байқалды. Американдық жарты шардың және Еуропаның барлық дерлік елдерінде аурудың жоғары деңгейі байқалады, ал Франция, Швеция, Польша, Болгария, Түркия, Украина және т.б. сияқты кейбір елдерде тәулігіне 1 млн адамға шаққанда 400-ден 800-ге дейін ауыру анықталады.

Қазақстанда ағымдағы жылдың 6 сәуіріне COVID-19 оң нәтижесімен 256 837 науқас және КВИ- 50 839 жағдай тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл аймақта» 7 өңір бар: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстары. Бұл ретте, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл аймақта» 28 күн, Батыс Қазақстан облысы — 20 күн, Атырау облысы — соңғы екі апта, Ақтөбе және Алматы қалалары — соңғы апта, Ақмола облысы — 1 тәулік бойы тұр. «Сары аймақта» 2 аймақ бар: Шымкент қаласы және Қарағанды облысы. Қалған 8 аймақ «жасыл аймақта» орналасқан.

«Наурыз айында ақпан айымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 30%-ға өскенін атап өткім келеді, осылайша тәулігіне 1800-ге дейін жағдай тіркелді. Сәуірдің 5 күнінде 9 983 жағдай тіркелді, тәулігіне 2000-ға дейін науқас тіркелуде. Аурудың өсуі британдық және оңтүстікафрикалық штаммдардың айналымымен байланысты. Осыған байланысты өңірлердің әкімдері инфекциялық төсек-орындармен және МСАК мобильді бригадаларымен қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауы қажет», - деді А. Цой.

Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, сәуір айында тестілеудің тәуліктік саны тәулігіне 57 мың зерттеуге дейін артқаны байқалады, бұл зертханалардың қолда бар тәуліктік қуатының 50%-ын құрайды және ақпанмен салыстырғанда 1,6 есе артқаны байқалады. Ағымдағы жылғы 6 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін республикада 28 730 төсек-орын қоры бар 275 инфекциялық стационар жұмылдырылды. Инфекциялық стационарлардың бос болмауы 36%, реанимациялық стационарлардың бос болмауы 22% құрайды. Инфекциялық төсек-орындардың ең көп жүктелуі Батыс Қазақстан облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы облысында, Алматы қаласында байқалады.

А. Цой атап өткендей, министрлік өңірдегі әрбір медициналық ұйымның деңгейіне дейін төсек-орын қорының бос болмауына мониторинг жүргізудің электрондық жүйесін әзірледі. Бұл уақтылы жұмылуға және қосымша стационарларды ашуға мүмкіндік береді. «Өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды ашу жоспары бар, жұмыс істеп тұрған инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-ға жеткенде инфекциялық төсек-орындар резерві 51 мыңнан 60 мыңға дейін ұлғайтылды, резервтік объектілер тартылатын болады, бұл ретте жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек көрсету жалғасады», — деді денсаулық сақтау министрі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша «британдық штамм» әлемнің 130 елінде, «оңтүстікафрикалық штамм» — 80 елінде, ал «бразилиялық штамм» 45 елінде анықталды.

«Жаңа мутацияларды анықтау мақсатында біз тұрақты негізде республика аумағында айналымда жүрген КВИ штаммдарына генетикалық зерттеу жүргізудеміз. Мәселен, наурыз айында республика аумағында "британдық" және “оңтүстікафрикалық" штаммдарының айналымы анықталды. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, британдық коронавирус нұсқасы бастапқы штаммға қарағанда ауруханаға жатқызу мен өлімнің жоғары ықтималдығымен байланысты. Бразилиялық штамм бұдан қауіпті болып саналмайды, бірақ ол бастапқы COVID-19 штаммына қарағанда оңай таралады», — деп түсіндірді А.Цой. Сондай-ақ, британдық коронавирус штаммы өткен жылғы штамммен салыстырғанда 1,7 есе, оңтүстікафрикалық штамм 1,5 есе және бразилиялық штамм 2 есе тез таралатыны анықталды. Сонымен қатар, репродуктивтлік санның өсуі 1,1-ден 1,9-ға дейін артуы мүмкін, бұл біртіндеп осы штаммдардың үстемдігіне әкеледі. Үкімет 2020 жылдан бастап қабылдаған шектеу шаралары 6 ай ішінде жаңа вирустардың тасымалдануына жол бермеуге мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.

А. Цой жаңа штаммдарға мониторинг жүргізу жалғасып жатқанын нақтылады. Биыл 1 ақпанынан бастап КВИ-ге қарсы вакцинация науқаны жалғасуда. Бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаттары кеңейтілді. Кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды.

«Бүгінгі таңда бірінші компонентпен — 194 706, екінші компонентпен — 72 110 азамат егілді. Республика бойынша 1000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 10,3 құрады», — деді денсаулық сақтау министрі.


Дереккөз: https://primeminister.kz