Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинация алуға жазылу басталды

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинация алуға жазылу басталды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді таяу күндері коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Отандық вакцинаны салдыруды жоспарлаған едім, оның тезірек шығуын күтіп отырмын. Сонымен бірге, халықаралық іс-шаралар кестесі жиілеп барады, әріптестермен келіссөздер мен пікір алмасулар болады. Мемлекет басшысы атап өткендей, мүмкіндігінше вакцина жасау керек болады. Сондықтан таяу күндері вакцина салдырмақпын», - деді М. Тілеуберді елордада Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийартомен келіссөздерден кейін. Өз кезегінде Мажарстан министрі вакцинаның бірінші компонентін алғанын, таяу арада екінші компонентін алуға баратынын айтты. Бүгінгі келіссіөздерден кейін тараптар екі ел арасындағы бірнеше құжатқа қол қойды. Айта кетейік, енді Орталық Азия өңірінде мажар компанияларының мүмкіндіктері кеңейеді. 

*****

Елордада коронавирусқа қарсы вакцинацияға алдын ала жазылу басталды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты. "Вакцинация - локдаун мен карантин шектеулері болмаған кезге, яғни қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беретін жалғыз тиімді әдіс, - деді әкім. Алдын ала жазылу вакциналарды медициналық мекемелер арасында біркелкі бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қала әкімі егу пункттерінің саны үш есеге, яғни 36-дан 100-ге дейін өскенін хабарлады. Вакцинация пункттері жұмысы сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін ұзарған. Вакцинаны алғысы келетіндердің бәрі өтініш қалдыра алады. Емханаға тіркелу орны бойынша алдын ала жазылу керек. Денсаулық сақтау басқармасының сайтында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының байланыс нөмірлері, мекен-жайлары көрсетілген тізім жарияланды. Екпеге жазылу Damumed мобильді қосымшасы арқылы да жүзеге асырылады. 

*****

Түркістанда тәртіп сақшысына жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, оны жасыру үшін пара бермекші болған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нақтырақ айтсақ, қала тұрғыны «Ваз-2107» маркалы автокөлігімен қос сызықты қиып өтіп, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Хаттама толтырылып, көлікті айыптұраққа қою кезінде жүргізушінің әкесі келіп, ұлының машинасын айыптұрақтан шығаруға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырмауға қатысты өтініш айтып, ақша ұсынады. Тұрғынның бұл заңсыз әрекеттері тәртіп сақшыларының бейнежетондарына тіркелген. Пара ұсынған тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі «Пара беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

*****

Genesis кореялық премиум автомобиль бренді Қытайда жарық шоуын ұйымдастырып, Гиннес рекордын орнатты, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Genesis сайтына сілтеме жасап. Hyundai Motor-дың қосалқы бренді Genesis компаниясы Қытай нарығына келуін атап өтті. Компания Шанхайда өзінің логотипін жасау үшін 3 281 дрон қолданды. Шоу кезінде "әуеде бір уақытта ұшқышсыз ұшақтардың ең көп саны" болғаны үшін Гиннестің әлемдік рекорды жаңарды. 

*****

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (18-0, 14 КО) Америкадағы алғашқы жекпе-жегінің өтетін күні белгіленді, деп хабарлады Vesti.kz. Ақпарат бойынша, Батыр 29 мамырда Лос-Анджелесте Showtime ұйымдастыратын бокс кешінде рингке шығады. Қазақстандық боксшының қарсыласы – пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО). Батыр Жүкембаев осыған дейінгі кездесулерінің бәрін Канадада өткізген. Алдағы айқас Америкада өтетін бірінші жекпе-жегі болады.