Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 06.05.2021

Қорытынды жаңалықтар 06.05.2021

Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. «Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеудің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді», - деп жазды баспасөз хатшысы. 

*****

Алматы облысында осы уақытқа дейін 11 мың адам Ковидке қарсы вакцина алған. Өңір әкімі Амандық Баталов бүгінгі Үкімет отырысында осылай деді. Аймақ басшысының сөзінше, қазір облыста 100-ден астам егу пункті жұмыс істеп тұр. 

*****

Биыл Алматы-Өскемен тасжолының Талдықорған-Өскемен учаскесінде күрделі жөндеу аяқталады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгін Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты. Сондай-ақ министр елордаға қатынайтын 4 жолақты жолдардың саны артатындығын тілге тиек етті.

*****

Қызыл аймаққа көршілес орналасқан облыстар карантиндік шектеулерді күшейту іс-шараларын алдын ала пысықтауы қажет. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгін Үкімет отырысында әкімдерге осындай тапсырма берді.

*****

Елордадағы бас әскери клиникалық госпиталь мен Алматыдағы әскери клиникалық емхана жұқпалы аурулар стационарына уақытша ауыстырылды. Арнайы медициналық мекемелер жалпы 300 орынға шақталған. Жатын орындарымен қатар жан сақтау, зертханалық және диагностикалық бөлімдер де бар. Медициналық қызметкерлер арнайы даярлықтан өтті. Бұл алдын алу шарасы екі мегаполистегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қабылданып отыр. 

*****

Еуро Одақ елдеріне Қазақстан азаматтарының емін-еркін баруы үшін Еуропалық комиссиямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті. Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Сыртқы істер министрі Петер Сийартомен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Біріншіден, бұл процесс біртіндеп енгізіледі. Мажарстан тарапы бұл келіссөздер бойынша өз көмегін жасайды», - деді ҚР Сырты істер министрі. 

*****

Биыл Қызылорда облысындағы бірқатар ауыл көгілдір отынға қол жеткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның ішінде Жаңақорған ауданының Бірлік және Қыраш елді мекендері де бар. Бұл мақсатқа былтыр 20 миллион теңге қаржы бөлініп, құрылыс жобасы әзірленген. Алдағы 2 жылда ауданның солтүстік беткейіндегі 8 ауылды да газға қосу көзделген. Ол елді мекендерге газ құбыры көршілес Шиелі ауданында салынған газ тарату стансасынан алынады. 

*****

Алматыда биыл 250 мың шаршы метр жол жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматыда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 162 жұмыс орны ашылды. Оған 16 жұмыс бригадасы мен 45 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды. Ойылған жерлерді жөндеу үшін 250 мың шаршы метр асфальтбетон жабындысы төселеді және 40 аялдама маңайын, алаңдарды ретке келтіру жоспарда бар. «Қазіргі кезде ойылған жерлерді жөндеу жұмыстары бірінші кезекте магистральды көшелерде жүргізілуде, кейін біртіндеп аудандық маңызы бар көшелерге ауысады.

*****

Қазан қаласында жүзуден Ресей чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың төртінші күнінде спортшылар 200 м қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден өзара мықтыны анықтады, деп хабарлады Olympic.kz. Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды. Ол бұл қашықтықты 2 минут 11 секундта жүзіп өтті. Ресейлік Антон Чупков іріктеуде көш бастады.