Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жерді шетелдіктерге беруге толықтай тыйым салынады

Жерді шетелдіктерге беруге толықтай тыйым салынады

Заңнама аясында жерімізді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толықтай тыйым салынады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті. «Бүгінгі мақұлданып отырған жер қатынастары туралы заң жобасының Қазақстан қоғамында маңызы да, орны да ерекше», - деді Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

*****

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 7 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Шымкент қаласы орналасқан. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта. Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта.

*****

Ақтау қаласында 34-ші шағын ауданда орналасқан «Достық» үйінде №2 Ақтау қалалық емхананың жылжымалы егу пункті ашылды. Жалпы Маңғыстау облысында 47 жылжымалы екпе егу пунктері ашылмақ. «Бүгін біз бірінші компоненттен 100 доза вакцина алып келдік. Екпе алу алдында дәрігер толықтай тексеру өткізеді. Медициналық қарсы көрсетулер болмаған жағдайда ерікті түрде екпе алуға келген адамға вакцина егіледі. Екпе - тегін . Қазіргі таңда салынып жатқан вакцина Ресейден әкелінген СПУТНИК-V»,- дейді №2 Ақтау қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері Ардақ Ибрашева

*****

Биылғы жылдың бастапқы екі айында Алматы тұрғындарына көрсетілген медициналық көмек сапасын бақылау барысында 6,4 мың қызметтің түрлі кемшілікпен көрсетілгені анықталды. Нәтижесінде қаладағы емдеу мекемелеріне 335 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы мәлім етті. Медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімі жетекшісі Әсем Манапбаеваның айтуынша, кемшіліктің басым бөлігіне консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін клиникаларда анықталды. Жалпы, консультативтік-диагностикалық көмек бойынша 4,5 мың қызмет түрлі кемшілікпен көрсетілген. Нәтижесінде 7,1 млн теңге қайтарып алынды.

*****

1 қаңтардан бастап 1 сәуірді қоса алғандағы кезеңде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша бюджетке 19,7 млрд теңге түсті. Ағымдағы жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша осыған дейін 6,6 млрд теңге түскен. Мұндай статистиканы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады. 2020 жылға көлік құралдарына салынатын салықты жеке тұлғалар 1 сәуірден кешіктірмей төлеуі қажет болатын. 2 сәуірден бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.