Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Иранның СІМ басшысы Қазақстанға ресми сапармен келді

Иранның СІМ басшысы Қазақстанға ресми сапармен келді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен келіссөздер өткізді.


Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашақ дамуын, сонымен бірге өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Министрлер сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жолдарын қарастырды.

Cыртқы саясат ведомстволарының басшылары Каспий теңізі өңірін дамыту мәселелері бойынша бірлескен жұмыстарды үйлестіруге баса назар аударды.

Сонымен қатар, тараптар БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ЭЫҰ және басқа халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды оң бағалап, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар ҚР мен ИИР сыртқы істер министрліктері арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Бүгін Иранның Сыртқы істер министрі сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болады.