Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолына арналған телесериал көпшілікке ұсынылады

Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолына арналған телесериал көпшілікке ұсынылады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жер қатынастары мәселелеріне қатысты заң жобасы I оқылымда мақұлданды. Құжат Президенттің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалды. Жалпы, заң жобасында шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншік және уақытша жер пайдалану құқығымен иелік етуіне тыйым салу көзделген. Осыған сай, жалпы отырыста Нұрлан Нығматулин: – Енді жерімізді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толықтай тыйым салынады, – деді. Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин бұл заң жобасы жер туралы түрлі пікірлерді тоқтатып, алдағы уақытта жерді қолдану мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жол ашатынына назар аударды. Айта кету керек, жер заңнамасынан шетелдік жер пайдаланушыларға және шетелдік қатысу үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы жерлеріне құқықтар беру мәселелерін регламенттейтін құқықтың материалдық нормалары алып тасталмақ. Бұл ретте 2016 жылғы 1 шілдеге дейін жоғарыда аталған жер пайдаланушыларға жалға беру шартымен берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығы жалға алу шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылатыны және ұзартылуға жатпайтыны көзделген.

*****

Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде партиялардың өту шегі 7-ден 5 процентке дейін төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген бағанды қосу көзделіп отыр. Бүгін Мәжіліс сайлау туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын талқылады. Мұнда жергілікті әкімдерді тікелей сайлауды тағайындау, кандидаттарды ұсыну, тіркеу, дауыс санау тәртібіне түзетулер енгізілген. Мұнан бөлек жергілікті әкімдер сайлауына саяси партиялар да кандидаттарын ұсына алады. Әкім қызметіне өзін өзі ұсынуға да болады. Мәжілістегі арнайы комитет заң жобасын қарап, қорытынды әзірлейтін болды.

*****

Бюджеттің 869 млн теңгесін ысырап қылған шенеунікке қатысты іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Дулат Шоғанбай күдікті ретінде тергеу сұрақтарына жауап беріп жатқанын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов растады. Бұған дейін желіде Дулат Шоғанбайдың істі болғаны туралы ақпарат шыққан. Әрі дәл осы білім саласында бюджет қаржысын талан-таражға салған тағы бес аймақ анықталып отыр. Бұдан былай сыбайлас жемқорлық бабы бойынша сотталған азаматтарды жұмысқа қабылдауға тыйым салынды. Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен сотталған адамдарды квазимемлекеттік сектордың кез-келген лауазымына қабылдауға толық тыйым салынды. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілері өткен жылдың осы уақытыымен салыстарғанда 46 пайызға төмендеген.

*****

Ұлттық арнаның көрермендеріне тағы бір тамаша тарту. Ораза айында Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолына арналған телесериал көпшілікке ұсынылады. Жаңа туынды жақында ғана Түркияда түсірілген. ТРТ арнасы да сериалды Рамазан айында көрсетпек. Фильмді қазақстандық көрерменге ұсыну жөнінде еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен Түркия Президенті Әкімшілігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы Фахреттин Алтунның кездесуі кезінде келісілді. Бұдан бөлек екі елдің медиа қауіпсіздік бағытында күш біріктіруі және телерадио саласында ынтымақты арттыру бойынша да бірқатар келісімдер жасалды.