Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Экология министрлігі: Қытай суды бөлу туралы келіссөзді тек Қазақстанмен жүргізеді

Экология министрлігі: Қытай суды бөлу туралы келіссөзді тек Қазақстанмен жүргізеді

Қытай Халық Республикасы су бөлу жөніндегі келіссөздерді тек Қазақстан Республикасымен жүргізеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді.

Журналистің сұрағына берген жауабында спикер, Қытай өз тарихында осы күнге дейін трансшекаралық су объектілері бар елдердің – Ресей Федерациясы, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Кырғызстан, Тәжікстан, Вьетнам, Бангладеш, Непал, Солтүстік Корея, Бутан, Камбоджа сияқты мемлекеттердің ешқайсысымен су бөлу жөнінде бірде-бір халықаралық шарт жасаспағанын атап өтті. Қытайдың бұл елдермен бірде-бір халықаралық келісімі жоқ. 

Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында 2015 жылдан бастап трансшекаралық өзендер суын бөлу туралы келісім жобасын әзірлеу мен келісуді бастау туралы шешім қабылданғанын ерекше атап өтті.

«Бұл жұмыс трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының шеңберінде жүргізілуде. Бірлескен комиссияның 17 отырысы өткізілді. Пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, су бөлу жөніндегі келісім жобасын келісу бойынша жұмыс жалғасуда. Айта кету керек, Келісім жобасы бойынша жұмыс күрделі және ғылыми зерттеулер жүргізуді талап етеді», - деді Серік Қожаниязов.

Оның мәліметінше, құжат бойынша жұмыстарға жоғары білікті су мамандары жұмыс істейтін еліміздің беделді ғылыми-зерттеу институттарының бірі – География және су қауіпсіздігі институты қатысады.

Жұмысқа тартылған сарапшылардың ішінде ҚазССР су шаруашылығының экс-министрі және 1991-1995 жылдары Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитеттің бірінші төрағасы Нариман Қыпшақбаев, 2002-2009 жылдары ҚР Су ресурстары комитетінің орынбасары болған Әмірхан Кеншімов, Су шаруашылығы саласында 40 жылдық еңбек өтілі бар ғалым Александр Калашников, География және су қауіпсіздігі институты директорының орынбасары Саят Әлімқұловтар бар.

«Құжат бойынша жұмыстарға қатысқан сарапшылардың жоғары біліктілігі белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Осылайша, келісім жобасы мәтінінің 25%-ы келісілді», - деді Серік Қожаниязов.