Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Вакцинацияға «Электрондық үкімет» порталы арқылы жазылуға болады

Вакцинацияға «Электрондық үкімет» порталы арқылы жазылуға болады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Оның айтуынша, эпидемияға қарсы күрес пен іскерлік белсенділікті сақтау арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында елде цифрлық технологиялар белсенді енгізілетін болады.

Спикердің мәліметінше, вакцинацияланған тұлғалар туралы есепке алу және мониторинг жүргізу үшін «Антиковидті паспорт» әзірленді. 2021 жылғы 8 сәуірде Денсаулық сақтау министрлігі «электрондық үкімет» порталында «вакцинацияға жазылу» қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. 

«Ол үшін азамат «электрондық үкімет» порталына авторизациялануы және өтінім беруі қажет, онда тек тіркеу аймағы бойынша медициналық ұйымды көрсету қажет болады, содан кейін өтінім медициналық ұйымға бөлуге/қарауға түседі. Медициналық ұйым вакцинация жүргізу уақытын көрсете отырып, өтінімдерді бөледі. Таратылғаннан кейін азамат «электрондық үкімет» порталында медициналық ұйымға баратын күнді және уақытты көреді, сондай-ақ қосымша SMS хабарлама алады», - деп нақтылап өтті А.Цой.

Бұдан бөлек, ДСМ басшысының айтуынша, жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің қызметін қамтамасыз ету және тыйым салынған қызмет түрлерін қайта бастау үшін «Ashyq» жобасын масштабтау жалғасады.