Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев израильдік инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аймақ басшысымен жүздесуге израильдік LR GROUP трансұлттық корпорациясының өкілдері келді. Компания негізінен ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асырумен айналысады. Әкім басты мәселенің бірі ретінде су бойынша көрші Қырғыз еліне тәуелділігін және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кенжелеп тұрғанын атады. Жергілікті билік дәл осы жағдайды ескере отырып, израильдік мамандардан ынтымақтастық күтеді. «Сіздерге ылғалды тиімді пайдалануды үйрену өте маңызды», - деп атап өтті израильдік инвесторлар. Сондай-ақ израильдіктер 400 доллар тұратын отбасылық суару жүйелерін ұсынып отыр. Бұдан бөлек Жамбыл облысындағы шалғай жатқан ауылдарға көп шақырымдық электр желілерін тартудан гөрі, шағын күн қондырғыларын орнату тиімді. Осы орайда компанияның баламалы энергетика бағытына жауапты Йотам Рац жергілікті жерде табысты жүзеге асатын шешімдерін ұсынды. 

*****

Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Орта кәсіптік, техникалық және жоғары оқу орындарының 2019, 2020 және 2021 жылғы түлектері жастар тәжірибесіне шақырылады. Тәжірибеге жасы 29-дан аспаған, соңғы үш жыл аралығында оқуын бітірген, жұмыссыз жүрген жастар қамтылады. Жастар тәжірибесі мерзімінің ұзақтығы – 6 айдан аспайды. Ай сайынғы жалақы көлемі 72925 теңге. Жастар тәжірибесіне қатысу үшін тұрғылықты орны бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, өтініш тапсыру қажет. 

*****

Алматының Медеу ауданы жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Алматылықтар Медеу ауданында орналасқан бірқатар үй, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы мен басқа да кеңсе ғимараттарынада жарықтың сөніп қалғанын жазуда. Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы қосалқы станцияның бірінде апат болғанын хабарлады. «Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Абоненттердің бір бөлігіне жарық берілді», - деді басқармадан.

*****

Парламент Сенатының жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды. Келісімге 2019 жылы 27 қарашада Бішкек қаласында қол қойылды. Бұл құжат азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді. «Нақты айтсақ, статистика мен ақпарат алмасуға мүмкіндік бар. Азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады. Екі ел үкіметтері тәжірибе алмасып, бір-біріне практикалық көмек көрсетеді. Көші-қон саласындағы қылмыстармен күресіп, заңсыз каналдарды жоюға мүмкіндік бар. Қырғызстан Парламенті келісімді 2021 жылғы 17 ақпанда бекітті», - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстанға Қырғызстаннан 281 мыңнан астам азамат келді, осы жылы 3 айда 32 мыңнан асты. «Ал Қазақстаннан былтыр 175 мың азамат Қырғызстанға барған. Осы жылы 3 айда 36 мыңнан асты. Қазақстан осындай келісімді Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Беларусь мемлекетімен жасады. Осы Заң азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонды реттеуге, қос азаматтықпен күресуге бағытталған. Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ қосымша қаражат талап етпейді», - деді министр.