Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Web Totem. Қазақстандық интернет-ресурстарды қорғау ақысыз негізде жүргізіледі

Web Totem. Қазақстандық интернет-ресурстарды қорғау ақысыз негізде жүргізіледі

ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов ОКҚ өткен брифингте домендік атауларды ел аумағына көшіру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, 2020 жылдың қазан айында 45 мыңнан астам домендік атау серверлік жабдық орналастыру бойынша талаптарды бұзған. Жүргізілген жұмыс аясында 27 мыңнан астам бұзушылық жойылды. Тағы 16,5 мыңнан астам бұзушы мәселені кезең-кезеңмен шешуді жоспарлап отыр. Егер бұзушылықтар жойылмаса, домендік атаулар тоқтатылады.

«Сонымен қатар, домендік атаулар иелерінің назарын мынаған аударғым келді, Қазнет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз Web Totem отандық жүйесі арқылы қазақстандық интернет-ресурстарды ақысыз негізде қорғау бойынша қызмет көрсетеміз. Ол үшін өтінімді «WebTotem» ЖШС немесе ақпараттық қауіпсіздік комитетінің мекен жайына жіберу қажет. Сонымен қатар, WebTotem қызметі шетелде танымал бола бастағанын атап өткен жөн. Мысалы, АҚШ нарықтарында соңғы айда домендік атауларды қорғау қызметі 100 мың АҚШ долларына сатылды, ал бізде бұл қызмет, қайталап айтамын, ақысыз негізде ұсынылады», - деп атап өтті комитет басшысы.