Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл Нұр-Сұлтанда 7 мың үлескер баспаналы болады

Биыл Нұр-Сұлтанда 7 мың үлескер баспаналы болады

Елдің үш өңірінен өзге жерлерде вирусты жұқтыру көрсеткіші жоғары. Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, сәуір айында елдегі эпидемиологиялық жағдай күрт төмендеді. Сәуір айнының басынан бері 29 200 жағдай тіркелді. Наурыздың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе өсім байқалады. Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарын есепке алмағанда ауру барлық өңірде өршіп отыр. Жұқтырудың алпыс пайызы үш өңірге - Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы облысына тиесілі, - деді Марат Шоранов. Оның айтуынша, Қазақстан он төрт күннен бері қауіпті «қызыл» аймақта тұр.
*****
Алматыда коронавирусқа шалдыққандар саны әлі де өсіп барады. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, 2021 жылдың басынан бері қалада 24 378 жұқтыру оқиғасы анықталды. Іс жүзінде сәуірдің 1-13 аралығында індетке шалдығудың 8301 жағдайы тіркелді»,- деген Әсел Қалықова ауырғандардың көбеюі мутацияланған штамдардың анықталуымен сәйкес келгенін айтады. Індеттің бұл штаммдары барлық жас топтары, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балаларға жұғу мүмкіндігі жоғары екені байқалған. Сондықтан маман ата-аналардан балаларын халық көп жиналатын жерлерге алып бармауға шақырды.
*****
Шығыс Қазақстан облысында карантин 28 сәуірге дейін ұзарталды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Бүгінде науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 6,4%. Сондай-ақ бұдан былай медицина қызметкерлері еңбек демалысына, іс сапарға, науқастануына және басқа да себептерге байланысты 5 күннен артық жұмыс орнында болмаған жағдайда профилактикалық мақсатта COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтетін болады.
*****
Биыл Нұр-Сұлтанда 7 мың үлескер баспаналы болады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында осы жылы құрылысы ұзаққа созылған бірнеше үй қолданысқа берілетінін айтты. «Бағыстан» және «Алтын шар 2» нысандарын аралаған қала басшысы құрылыс қарқынын үдету керектігін жеткізді. Құрлысы биыл аяқталатын ТК-нен 1112 үлескер баспана күтіп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұзақ құрылыстар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бір жарым жыл ішінде ұзақ құрылыс саны екі еседен астам азайды. Осы жылы көптен күткен пәтерлердің кілтін тағы 7 мың үлескерге беру жоспарланып отыр», — дейді Алтай Көлгінов.
*****
Солтүстік Қазақстанда тағы да құтырма ауруының ошағы тіркелді. Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Куломзино» шаруа қожалығының иелігіндегі сиырлардың бірін түлкі тістеп алған. Алынған сараптама малдың құтырмаға шалдыққанын көрсетті. Ветеринар-мамандардың айтуынша, індет ошағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Табындағы малға вакцина егіледі. Куломзино ауылында шектеу шаралары енгізілді. 60 күн бойы елді мекеннен ет-сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынды