Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Павлодар облысындағы Қарасу өзенінде балық қырылды

Павлодар облысындағы Қарасу өзенінде балық қырылды


Елбасы Асқар Мамин мен оның бірінші орынбасары Алихан Смаиловты қабылдады. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтылды. Сондай-ақ, Елбасыға елдің 3 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы баяндалды. Экономиканың ннегізгі салаларының барлығында өсім байқалады. Егер осы тенденсияны ұстап тұра алсақ жыл соңына дейін жалпы ішкі өнім 3,1 пайызға дейін өспек. Сондай-ақ, үкімет басшысы нақтыланған республикалық бюджет туралы баяндады. Елбасы экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ететін жүйелі жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, күрделі эпидемиологиялық кезеңде санитарлық талаптарды сақтаудың және екпе қабылдаудың аса маңызды екенін айтты.

*****

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңес өтті. Жиында ел дамуының жаңартылған болжамы және республикалық бюджетті нақтылау жайы талқыланды. Биыл ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі бекітілген көрсеткіштен 0,3 пайызға артып, 3,1% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Инфляция деңгейі 4 - 6% аралығында сақталады. Сондай-ақ, жол салуға, «Ауыл – ел бесігі» жобасын одан әрі іске асыру үшін кәсіпкерлерді қолдауға, «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыруға және агро-өнеркәсіптік кешенді дамытуға қомақты қаражат бөлінеді. Пандемиямен күреске бөлінетін қосымша қаржы дәрігерлерге үстеме-ақы және медициналық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады. Жиын қорытындысы бойынша Президент бюджет шығындарын оңтайландырып, кірісін арттыру, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру және инфрақұрылым мен цифрландыруды дамыту жөнінде тапсырма берді.

*****

COVID-19-ға қарсы вакцина алған Өзбекстан тұрғындары енді Мемлекеттік қызметтердің бірыңғай порталынан анықтама ала отырып, өз мәртебесін растай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Вакцина салғаны туралы анықтама алуға қатысты тиісті қызмет my.gov.uz сайтында іске қосылған. Қызметті пайдалану үшін Мемлекеттік қызметтердің интерактивті бірыңғай порталына тіркелу жеткілікті. Тіркелгеннен кейін «COVID-19-ға қарсы вакциналау мәртебесін тексеру» деген мемлекеттік қызметке өтіп, «Тексеру» батырмасын басу қажет. Еске сала кетейік, Өзбекстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау 1 сәуірде басталды. Екі апта ішінде 300 мыңнан астам адамға екпе салынған. Халықты вакциналау сәуірде ірі қалаларда, мамырда аудан орталықтары мен шағын қалаларда, маусым айында ауылдық жерлерде жүреді.

*****

Павлодар облысының су айдындарында балық қырылып жатыр. Өлі балықтар алдымен Баянауыл ауданындағы су қоймаларынан табылған. Онда 400 кг-дай шабақ қырылған. Келесі су қоймасынан 200 келі жас балықтар өлексесі алынған. Дәл осындай жағдай Ертіс өзенінде қайталанып отыр. Балық шаруашылығы инспекторларының айтуынша, Тяпка деп аталатын өзен тарамынан 60 келідей өлі балық су бетіне қалқып шыққан. Жауапты мекеме мамандары қыс мезгілінде мұзды ойып, саңлау жасалғанын айтады. Бірақ тиімділігі болмай шыққанға ұқсайды. Өзен арнасының тереңдігі кей жерлерде 2 метрге жетеді. Қатты аяздарда су қоймалары толық қатып қалған. Бүгінгі таңда өлген балықтардан сынамалар алынып, зертханаға жіберілген. Зерттеу қортындысы он күн ішінде шығады.