Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сенаторлар ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысын жетілдіру мәселелерін талқылады

Сенаторлар ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысын жетілдіру мәселелерін талқылады

ҚР ҰҚК мен ҰҚК Академиясы басшылығының қатысуымен Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы онлайн форматта өтті. Отырыс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары – 30 жыл тәуелсіздік күзетінде».

Бейінді комитеттің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед кездесуді аша отырып, ұлттық қауіпсіздік жүйесін және арнайы қызметтердің тиімді қызметін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамалық базаны қалыптастыру және одан әрі жетілдіру процесі тәуелсіздік алған алғашқы күндерден басталғанын және бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқанын атап өтті.

«Соңғы бірнеше жыл ішінде қарсы барлау қызметінің құқықтық негіздерін айқындауға, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге, оның ішінде оларды қаржыландыруға, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар заңдар қабылданды», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сенат депутаттары ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Қолқабаевтың баяндамасын тыңдады. Ол Парламент депутаттарының қолдауымен «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қабылданып, олар елдің ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесін жаңа деңгейге шығарғанын атап өтті.

ҰҚК Академиясының бастығы Таңат Жүнісов сенаторларды кәсіби, білікті мамандарды даярлауды мақсат еткен оқу орнының миссиясы туралы айтып берді, сондай-ақ болашақта Академия ұлттық қауіпсіздік органдарының білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми орталығы болатын корпоративтік көп бейінді жоғары оқу орнына айналатынын жеткізді.

«Тәжірибеге бағытталған оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында біз модульдік оқытудың өзіндік технологиясын енгіздік. Оның негізі ретінде болашақ жұмыс туралы жүйелі түсінік қалыптастыратын қарсы барлау процесі алынып отыр», - деді ҰҚК Академиясының бастығы.

Отырыс барысында осы саладағы құқықтық базаны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.