Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды

Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. «Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды»,-делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасын сынға алып, Twitter-де жазба қалдырған.

*****

Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өтінімді қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын және өтетін орнын өз еркімен таңдауға болады. 15 сәуірден бастап ҰБТ тапсыру үшін бірінші мүмкіндіктің датасын, ал 1 мамырдан бастап екінші мүмкіндіктің датасын таңдау мүмкіндігі беріледі. Тестілеудің өзі 25 сәуір - 30 маусым аралығында өтеді. Аталған кезеңде ҰБТ-ға 2 рет қатысуға болады және жинаған ең жоғары балмен білім беру грантын тағайындау конкурсына түсе аласыз. Биылғы - 2021 жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады. Бұған дейін хабарланғандай, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережесіне бірнеше өзгеріс енгізілді. Оның ішінде мемлекеттік білім грантын иелену үшін ҰБТ-ны екі мәрте тапсыру мүмкіндігі, ҰБТ-ның электронды форматқа ауыстырылуы бар.

*****

Павлодар облысының су айдындарында балық қырылып жатыр. Өлі балықтар алдымен Баянауыл ауданындағы су қоймаларынан табылған. Онда 400 кг-дай шабақ қырылған. Келесі су қоймасынан 200 келі жас балықтар өлексесі алынған. Дәл осындай жағдай Ертіс өзенінде қайталанып отыр. Балық шаруашылығы инспекторларының айтуынша, Тяпка деп аталатын өзен тарамынан 60 келідей өлі балық су бетіне қалқып шыққан. Жауапты мекеме мамандары қыс мезгілінде мұзды ойып, саңлау жасалғанын айтады. Бірақ тиімділігі болмай шыққанға ұқсайды. Өзен арнасының тереңдігі кей жерлерде 2 метрге жетеді. Қатты аяздарда су қоймалары толық қатып қалған. Бүгінгі таңда өлген балықтардан сынамалар алынып, зертханаға жіберілген. Зерттеу қортындысы он күн ішінде шығады.

*****

Ақмолалық полицейлер өңір аумағына аса ірі көлемде гашиш жеткізу арнасын жою бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz. Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі сатумен айналысатын топ қызметінің жолы кесілді. Олардан 16 килограмнан астам гашиш есірткі заты және 17 миллион 500 мың теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленді. Жедел қызметкерлердің үйлестірілген жұмысының нәтижесінде астана маңындағы аймаққа және Нұр-Сұлтан қаласының аумағына аса ірі мөлшерде гашиш жеткізуді, сақтауды және өткізуді ұйымдастырған үш азамат әшкереленді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. «Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалады. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», – деп атап өтті Мейрам Жапбасов.

*****

Каратэден Парижде өтіп жатқан бақылау жарысында қазақстандықтар бір медальмен көзге түсті, деп хабарлады Olympic.kz. Жарыстың алғашқы күнінде 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай үздік үштікке енді. Сондай-ақ 61 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Сабина Захарова жарыстың қола жүлдегері атанды. Осылайша, Қазақстан командасының қоржынында әзірге екі қола медаль бар.