Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде «Болашақ» бағдарламасының 578 түлегі мемлекеттік қызметте жұмыс істейді

Елімізде «Болашақ» бағдарламасының 578 түлегі мемлекеттік қызметте жұмыс істейді

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бюро отырысында депутаттар қарауына бюджет заңнамасын жетiлдiру бойынша заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды. Бұл заң жобасы бюджет процесін реформалауды көздейді. Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасы бар. 

*****

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова өзінің Twitter-дегі парақшасында мемлекеттік қызметте «Болашақ» бағдарламасының қанша түлегі қызмет етіп жатқанын жазды. «Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте «Болашақ» бағдарламасының 578 түлегі және Мемлекеттік басқару академиясының 834 түлегі жұмыс істейді», – деп жазды Анар Жайылғанова.

*****

Азаматтарға жаңа міндеттер мен талаптарды белгілейтін нормалар кем дегенде 60 күн күшіне енбейді. Бұл туралы Әділет вице-министрі Наталья Пан айтты. «Кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу және азаматтарды жаңа реттеуге дайындау үшін мемлекеттік органдардың нормаларды қолданысқа енгізуді кемінде 60 күнге кейінге қалдыруды көздеу міндеті енгізілді», - деді Әділет вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Оның атап өтуінше, бұл азаматтар заңның жаңа талаптарымен танысып, оларды жүзеге асыруға дайын болуы үшін жасалып отыр. 

*****

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қоры Рамазан айының алғашқы жұмасында «Өмірге үміт сыйла» акциясын өткізді. Игі шара Рамазан айы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Діни басқарма Нұр-Сұлтан қаласының 1-ші ауруханасына медициналық жабдықтар мен азық-түлік себеттерін табыстады. «Бүгін мүфтият ұжымымен бірге Рамазанның сыйлығын беруге келдік. Бұл – сіздерге амалмен, іспен көрсеткен рахметіміз», - деді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

*****

 Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия біріншілігінде ел қоржынына екі алтын жүлде түсті. Эльмира Сыздықова финалда қырғыз қызы Айпері Медетқызын 4-0 есебімен жеңіп, 76 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Ал Валентина Исламова-Брик өзбекстандық Жасмин Иммаевадан басым түсіп, 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. 

*****

Еуропа Лигасының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды. «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Гранаданы» қабылдап, тағы да 2:0 есебімен жеңіске жетті. Енді ағылшындар жартылай финалда Аяксты айналып өткен Италияның Ромасымен кездеседі. Екінші жартылай финалдық жұпты «Вильяреал» мен «Арсенал» құрады. Алғашқы матчтар 29 сәуірде өтеді.