Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда 1 тәулікте коронавирус пневмониясынан 6 адам қайтыс болды

Қазақстанда 1 тәулікте коронавирус пневмониясынан 6 адам қайтыс болды

Алматы облысы «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» шықты. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің аумақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. «Сары аймаққа» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары кірді. «Жасыл аймақта» әзірге Қостанай мен Түркістан облыстары ғана тұр.

*****

Бүгінгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 36 757 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналының хабарлауынша, індетке шалдыққандардың арасында: 641 адамның жағдайы ауыр; 159 пациенттің халі өте ауыр; 107 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

*****

Қазақстанда 1 тәулікте коронавирус пневмониясынан 6 адам қайтыс болды. Індетті 68 адам жұқтырып, 72 науқас жазылып шықты. Өткен жылдың 1 тамызынан бастап коронавирустық пневмониямен 51763 адам ауырған, оның 50550 адамы емделді. Ал 748 науқас кесел салдарынан көз жұмды.

*****

Қазір елордада 100-ден астам егу пункті жұмыс істейді, вакцинация таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін жүргізіледі. Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаны 49 мың қала тұрғыны алды. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, халықтың белсенділігі жаман емес. Сондай-ақ ұйымдастырылған ұжымдарға көшпелі бригадамен барып, сол жерде егу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар. Бүгінде емханалардан басқа халықты вакцинациялау «Mega Silk Way»СОО-да жүргізілуде. Жақын арада мұндай пункттер «Хан Шатыр», «Керуен» СОО-ларында ашылады. «Егер қазір коронавирусқа қарсы 300 мың екпе салсақ, ауру деңгейі төмендер еді. Ал 600 мың қала тұрғыны вакцинацияланған кезде жұқтыру қаупі болмайды», — деді Тимур Мұратов.

*****

Маңғыстаудағы ғибадат үйлерде ұжымдық шаралар өткізуге тыйым салынды. 9 сәуірден бастап Маңғыстау өңірінің «сары аймаққа» кіруіне байланысты облыстың бас санитария дәрігері қаулы қабылдады. Оған сәйкес ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің қызметіне рұқсат берілген. Осыған орай, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, діни бірлестіктердің ғибадат үйлерінде (мешіт, шіркеу) тек қана жеке құлшылық жасауға рұқсат етіледі. Қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.

*****

Алматы облысының ТЖД Балқаш ауданындағы өртті сөндіру жалғасып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Желтораңғы ауылдық округіндегі дала өрті сөндірілді. Еске сала кетсек, Желтораңғы ауылынан 25 шақырым жерде шамамен 45 гектар аумақта құрғақ шөп пен қамыс өртенген болатын. 15 сәуірде басталған өрт ошағы Ақкөл және Жиделі ауылдық округтерінде тіркелді. Үшінші ошақ 15 сәуірде Қарой ауылының маңында басталған. Балқаш ауданындағы жану алаңы әлі де нақтыланып жатыр. Тәулігіне екі рет Қазавиаорманқорғау қызметкерлері аудан аумағындағы жану ошақтарын аэровизуалды тексеруде. Оқиға салдарынан Балқаш ауданының шаруа қожалықтары мен демалыс базалары зардап шекті. Қазір келтірілген материалдық залал мен өрттің жалпы ауданынан арнайы құрылған облыстық комиссия есептеп жатыр.

*****

Қарағандының «Шахтеріне» жаңа бапкер келді. Бұл команданың бас жаттықтырушысы болып ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды, «Шахтер» футбол клубы мәлім еткеніндей, 43 жастағы маман «Нижний Новгород», «Ахмат» (Грозный), «Анжи» (Махачкала), «Чайка» (Песчанокопское) сияқты командаларда жұмыс істеген. Магомед Адиев «Шахтерде» Али Алиевті алмастырды.