Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ауыл тұрғындарының төрт-түлігіне 29 млн гектар жайылым жетіспейді

Ауыл тұрғындарының төрт-түлігіне 29 млн гектар жайылым жетіспейді

Қазақстанда ауылдық мекендердің төрт-түлігіне 29 млн гектар жайылым жетіспейді. Бұл мәселені Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында Экономикалық жұмыс тобының басшысы Ақылбек Күрішбаев көтерді.

«Қазір ауылдық елді мекендердің ең өзекті мәселесінің бірі – олардың айналасындағы жайылым тапшылығына байланысты. Статистикалық мәліметке сәйкес, ауылдық елді мекендерде мал шаруашылығы өнімінің 66 пайызы өндіріледі. Мал басының 60 пайызы осында. Ауылдағы ағайынның күнкөрісі де осы малға байланысты. Өкінішке қарай, бұл орасан биологиялық актив мемлекеттік қолдаудан тыс қалып, ешқандай технологиялық процестерге тартылмай отыр. Мамандардың есебі бойынша, егер біз тек қана мал азығының сапасын көтерсек, елді мекендерде өндірілетін ет пен сүттің өнімділігі кем дегенде 30 пайызға ұлғаяды. Жұмыс тобының мамандары бұл мәселеге байланысты көптеген ұсыныстар енгізді. Ең негізгісі – ауыл шаруашылығында пайдаланбай жатқан жерлерді елді мекендерге қайтару», - деді А. Күрішбаев

*****

Қазақстанда 644643 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Тиісті мәлімет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жарияланды. Бүгінгі деректер бойынша вакцинациялау науқанында Алматы қаласы мен Алматы облысы, Шымкент, Нұр Сұлтан қаласы, Қарағанды мен Түркістан облысының тұрғындары белсенділік танытуда. Қазақстан бойынша барлығы І компонентпен екпе алған адамдар саны 644643, ІІ компонентін салдырған тұрғындар саны – 116786 ке жетті.

*****

Елордадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы егу пункті ашылды. Бұл туралы қала басшысы Алтай Көлгінов Іnstagram парақшасында жазды. Осы демалыс күндері тестілік режимде СОО ұжымы вакцина салдырады. Ал дүйсенбіден бастап (19 сәуір) қала тұрғындары да екпе ала алады. Сондай-ақ «Keruen», «Абу-Даби Плаза» орталықтары дайын. Қажет болған жағдайда қаладағы қонақүйлер де іске қосылады,-деп хабарлайды қала басшысы.

*****

 «Сары» аймақта тұрған Қызылорда облысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтіледі. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 75 дерегі тіркелді. Індет күннен-күнге дендеп барады. «Облыста кейбір орындар карантин талабын сақтауға өз деңгейінде назар аудармай отыр. Мәселен, 14 сәуірде 6 мекемеде талаптардың сақталмағаны белгілі болды. Қазір жергілікті полиция қызметі басқармасының көліктерімен дыбыс зорайтқыш құралдары арқылы орталық көшелерде ескертпе хабарламалар айтылуда», - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова.

*****

Елорданың су тасқыны қаупі бар аумақтарға әуеден бақылау жасалды. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Парламент Мәжілісінің депутаттары Александр Милютин мен Жамбыл Ахметбековті бас қаладағы Астана контрреттегішінің жұмысымен таныстырды. Оның сөзінше, контрреттегіш ұзындығы 31 шақырым қорғаныс бөгетін қамтиды және 450 млн текше метр дейінгі көлемдегі тасқын суды уақытша ұстай алады. Ұшу барысында депутаттар 42-разъезд, Қоянды, Талапкер, Қараөткел, Қаражар Жібек Жолы және Қосшы елді мекендерінің аумақтарын әуеден бақылады. Бақылау кезінде қардың еру процесі тұрақты жүріп жатқаны байқалды. Су шайған аймақтар жоқ. Тәулік бойы космомониторинг жүргізу жалғасуда.

 *****

Халықаралық ғарыш станциясының экипажы бар «Союз МС-17» ғарыш кемесі қазақ даласына сәтті қонды. Кеме жарты жылдық сапардан оралды. Оның экипаж мүшелері ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков, Сергей Кудь-Сверчков және американдық Кэтлин Рубинс. «Союз МС-17» ғарышта 184 тәуілік болды. Экспедиция барысында ғарышкерлер 11 жыл бойы ашылмаған станция люгі арқылы ғарышқа шыққан. Ғарыш кемесінің қону сәті мен экпиаж мүшелерін қарсы алу Роскосмос арқылы трансялцияланды.