Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

1999 – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы

1999 – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы

1999 жыл. Бұл, жаңа мыңжылдыққа табан тіреген жас мемлекеттің айтарлықтай орнығып, жарқын болашаққа қадам басқан кезеңі. Дәл осы жыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жарияланды. Яғни, ұлттың тарихи танымына мемлекеттік мән беріле бастады. Шын мәнінде ел теуелсіздігі нығайып, алдағы даму реформаларын сәтті жүргізудің бірден-бір кепілі - ұлт бірлігі мен қоғамдық келісім. Ал ұлттық, ұлтаралық тұтастықты сақтау ұрпақтардың өзара ықпалдастығын тиімді үйлестіретіні сөзсіз. 


1999 жылдың басты оқиғасы мерзімінен бұрын өткен президент сайлауы еді. Елімізде тұңғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен жүргізілген сайлауда халық басым дауыспен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қайта сайлады. Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі шынымен де жаңғыра түсті. Осы жылы елімізде 14 саяси партия, 30-ға жуық саяси қозғалыстар мен бірлестіктер жұмыс істеді. Ал сол жылдың күзінде ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың да кезекті сайлауы өтті. Сондай-ақ елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайы да жақсара бастады. 

1999 жылы Қазақстанда Тәуелсіздіктен кейін алғаш рет ұлттық халық санағы өтті. Сол жылдың ақпан-наурыз айларында өткен санақ барысында халық саны 14 млн. 652 мың 700 адамға жетсе, ондағы қазақ ұлты 53,4 пайызды құраған. Бұл шын мәнінде егемен елдің зор жетістігі болатын. 

1999 жылы 11 маусымда Қазақстанда «білім туралы» жаңа заң қабылданды. Аталған құжатқа сәйкес еіміздің білім жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілді. Мәселен осы уақытқа дейін болған емтехан тапсыру әдісі тест арқылы жүргізілді. Сондай-ақ дәл осы жылы елімізде ұлттық тестілеу орталығы құрылды.

1999 жылдың сәуір айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев НАТО-ның саммитіне қатысу үшін Вашингтонға ресми сапармен барды. Бұл жолы Президент АҚШ-тың саяси және іскерлік әлемінің серкелерімен кездесті. Президент Билл Клинтон Азиядағы сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі Қазақстанның бастамасын мысал ретінде келтіре отырып, оның аймақта бейбітшілікті сақтауда үлкен рөлі бар екенін атап көрсетті. Ол Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты ғаламдық проблемаларды шешуде НАТО Ресеймен тығыз жұмыс істеуі тиіс деген пікірімен келісті. Ал, 1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.

Статистикалық мәліміттерге сүйенсек 1999 жылы елімізде астық өндіру 1998 жылмен салыстырғанда 2,1 есе артып, 15,9 млн. тонна бидай алынған. Екінші деңгейдегі банктердегі халықтың салымдары 348 млн. теңгені құраған. 1999 жылы елімізде 86 мыңға тарта шаруашылық құрылымдары, соның ішінде 2140 серіктестік, 509 акционерлік қоғам, 2909 өндірістік кооператив және 79 мыңнан астам фермерлік қожалық жұмыс істеген. Бұл тәуелсіздіктің небәрі 8 жылында жеткен жетістігі болатын.

Толығырақ аудионұсқада.