Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артуда

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артуда

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық индустриалды мұнай химиясы технопаркі жұмысына сын айтты.   

 «Облыс экономикасын дамытудағы үлкен үміт мұнай-газ химиясымен байланысты. Бұл жерде біз тым артта қалып қойдық. Ал аталған сала – бұл өңірдің және бүкіл елдің экономикасы болашағының негізі. Бұған қоса, «Ұлттық индустриалды мұнай химиясы технопаркі» арнаулы экономикалық аймақ тиімділігі көптеген сұрақ туындатып отыр. АЭА инфрақұрылмының құрылысы аяқталмаған. 2015 жылдан бері АЭА-ны дамытуға 162 млрд теңге бөлінген. Бірақ, іске қосылғаны бір ғана жоба», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, полипропилен мен полиэтилен өндіретін ірі жобалар әлі күнге дейін жүзеге асырылмаған. Өйткені, инвесторлар табылмаған және сату нарықтары да айқындалмай отыр.

«Сондықтан, Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры бұл жобалардың жүзеге асырылуын жеделдетуі тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

*****

Сонымен қатар, Президент Атырауды дамытуға қатысты 7 міндетті айқындап берді.

«Індеттен туындаған қиындыққа қарамастан, ел экономикасын қалпына келтіруге күш жұмылдыру қажет. Қазір бүкіл әлем дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне қадам басты. Біз осы үрдістен қалып қоймауымыз керек. Сондықтан, мынадай міндеттерді шешуге баса мән берген жөн», - деді онлайн форматта өткен кеңесте Мемлекет басшысы.

Бұл ретте мұнай-газ өнеркәсібін дамыту, автожолдарды жөндеу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау жүйесін нығайту, өңірді тұрақты энергиямен және сумен қамтамасыз ету керек. «Сонымен қатар, тұрғындардың денсаулығы және өмір сапасы өңірдегі экологиялық жағдайға байланысты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

*****

Бүгін Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген қазақстандық вакцинаның жөнелтілуіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты.  

«Қазақстандық вакцинаның жасалуы біздің еліміздің коронавирус инфекциясына қарсы өз вакциналарын әзірлеген әлемнің бес елінің қатарына енуіне мүмкіндік берді. Бұл тек халықтың денсаулығына ғана қатысты мәселе емес, сондай-ақ отандық ғылымның әлеуеті мен биофармацевтикада заманауи технологияларды іс жүзінде қолданудың, мемлекеттің беделдің дәлелі», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.  

«QazVac» вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы «СК-Фармацияның» хабтарына таратылып, одан әрі еліміздің барлық өңірлеріндегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізілетін болады.

*****

Елімізде қоғамдық кеңестердің өкілеті кеңейтіледі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтің айтуынша, арнайы заңда азаматтардың бастамалары мен белсенділігін көтеру үшін тиісті тетіктер қарастырылған. Мысалы, волонтерлік пен қайырымдылық жасау сияқты қызмет түрлері қазіргі пандемия кезеңінде, кешегі төтенше жағдайлар кезінде ерекше өзекті болуда. Осы небәрі бір жылда еліміздегі волонтерлік ұйымдардың саны 3 есе өсіп, еріктілердің қатары 200 мыңға жетті, - деді вице-министр.

*****

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артуда. Бүгінгі ақпарат бойынша 695 адамның індетке шалдыққаны анықталды. «Инфекциялық стационарларда 3 768 адам бар, оның ішінде 98 бала емделуде. 920 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 2 848 науқас орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 240 адам жатыр. Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5 950 пациент бар.