Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

1 мамырдан бастап елордада сумен жабдықтау қызметінің тарифі көтеріледі

1 мамырдан бастап елордада сумен жабдықтау қызметінің тарифі көтеріледі

25 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 878 067 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны – 157 010 адам . Нұр-Сұлтанда – I компонентті 87 714, II дозаны 13 661 адам салдырды. Алматы қаласында – I компонент алғандар саны - 176 823, II компонент 29 787 адамға егілді.

*****

Алматыда бір тәулікте 6 415 адам вакцина салдырды. «Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 24 сәуір аралығында барлығы 176 533 адамға екпе салынды», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Бүгінгі күні қалада 205 пункт жұмыс істеп жатыр, 1 827 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар. Вакцинация пункттері демалыс күндері де ашық. Қаладағы вирустың таралу жағдайы бұрынғыдай жоғары деңгейде қалып отыр. «Барлық инфекциялық стационарда 3 871 адам бар, оның 108-і бала»,- деп атап өтті басқармадағылар.

*****

1 мамырдан бастап елордада сумен жабдықтау және су бұру саласында көрсетілетін қызметтің тарифі көтеріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Астана су арнасы» МКК хабарлады. «Жаңа тариф «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №37-НҚ бұйрығымен бекітілген. Сумен жабдықтау және су бұру тарифтері бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 1302, нөміріне хабарласуға болады», делінген хабарламада.

*****

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-ында жарияланған ақпаратқа сәйкес, «ҚазАвтоЖол» жұмысшылары еліміздің жолдарында шамамен 10 500 жол белгісін, 2500-ден астам шақырым белгі, 410 ақпараттық панно және шамамен 32 мың дабыл бағанын орнатады. Бұған қоса, 600 мың шаршы метр республикалық автожолды жөндеу жоспарланып отыр. Мұнан бөлек, республикалық жолдарда шамамен 40 мың текше метр қоршауды және 180 автомобиль павильонын жөндеу көзделген. Жалпы, биыл жол жөндеушілер жұмысын 14 бағытта атқарады.

*****

27 сәуіріне сағат 03:00 мен 17:00 а-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, еліміздің барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

*****

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті. Бұл туралы ол жексенбі күні халыққа үндеуінде мәлімдеді. Армения министрлер кабинеті басшысының отставкасы техникалық сипатқа ие және 20 маусымда өтетін кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізу үшін қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сондай-ақ ол сайлау өткізілгенге дейін премьер-министрдің міндеттерін толық көлемде атқаратуды жалғастыратынын айтты.