Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Н. Назарбаевтың бастамасымен жаңа қайырымдылық жобасы қолға алынды

Н. Назарбаевтың бастамасымен жаңа қайырымдылық жобасы қолға алынды

Әлеуметтік осал топтағы қазақстандықтар «Елбасы жылуы» акциясы аясында көмек алатын болады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегегі парақшасында мәлім етті.

«Бүгіннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы бастау алады. Акция шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев қоры және «Дегдар» қайырымдылық қоры азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар түрінде мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетеді», - деп жазды Айдос Үкібай.

Айта кетерлігі, өткен жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен пандемия жағдайында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау үшін «Birgemiz» қоры құрылған болатын. Осыған орай Елбасы үндеу жолдаған еді.