Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қызылорда облысында 28 мыңға жуық адам вакцинасын салдырды

Қызылорда облысында 28 мыңға жуық адам вакцинасын салдырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. «Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен белгіленген бұл мереке ғасырлар бойы қазақ жерінде берік орныққан достық пен ауызбіршілік, өзара құрмет пен сенім сияқты қастерлі құндылықтарға негізделген. Тәуелсіздік кезеңінде негізі қаланған «әралуандығымыз – бірлікте» қағидаты Қазақстанның сан қырлы мәдениеті мен дәстүрін баға жетпес байлығымызға айналдырды. Біз қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, өзара қолдау мен жасампаз еңбектің арқасында кез-келген қиындықты еңсеріп, көздеген мақсатымызға жетеміз» делінген Президент құттықтауында.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қазақстандықтарды 1 мамыр –бірлік күнімен құттықтады. «Бұл күн баршамыз үшін татулық пен келісімнің, патриотизмнің символы саналады. Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде еліміз қол жеткізген барлық жетістіктер – Отанымыздың тағдыры үшін ортақ жауапкершілік сезіне білген күллі қазақстандықтардың береке-бірлігінің көрінісі. Тек татулықтың арқасында ғана біз басымызға түскен сынақтардан сүрінбей өтеміз» делінген Елбасы құттықтауында.

*****

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдында есеп беру кездесуінде ведомство алдындағы негізді міндеттерді атады. Оның ішінде МӘМС аясында халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмысты күшейту; алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау; көлік медицинасын күшейту; барлық өңірлерде ірі заманауи ауруханалар, сондай-ақ инфекциялық стационарлар салу; ауыл тұрғындарын фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету; медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бар Министр атап өткендей Президент пен Үкіметтің айырықша назарының нәтижесінде медицина қызметкерлеріне ерекше қолдау шаралары көрсетілді.

*****

Қызылорда облысында 28 мыңға жуық адам вакцинасын салдырды. Өңірде коронавирусқа қарсы екпе қабылдау 1 ақпаннан басталды. Сол уақыттан бері облыс орталығында 17 712 адам вакцина салдырса, аудандарда 10 026 адам екпе қабылдады. 28 сәуірде облыста 3 250 тұрғынға екпе жасалды. «Екпе алған тұрғындар дәрігерлер бақылауында, денсаулығына қатысты шағымы жоқ. Барлығы авторизациялаудың бірыңғай тетігі арқылы «Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізілді», - делінген Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Облыс тұрғындарына «Спутник V» және QazVac вакциналары салынып жатыр.

*****

Солтүстік Қазақстан облысында 27 соғыс ардагері ғана қалды. Оның бесеуі өңір аудандарында тұрады, СҚО Ардагерлер кеңесінің мәліметінше, Көзі тірі майдангерлердің төртеуі – әйел. Ардагерлердің ішіндегі ең жасы үлкені – Никита Семенов. Қария 10 мамыр күні 101 жасқа толады. Ал майдангерлердің ең жасы саналатын 6 адам биыл 94 жасқа келеді. «Өкінішке орай ардагерлеріміздің қатары күннен-күнге сиреп барады. Биыл да Жеңіс қарсаңында қарттарымызға зор құрмет көрсетіледі. Әрқайсысына 1 млн теңгеден ақшалай көмек беріледі», - дейді СҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

*****

Қазгидромет 1-3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Сәуірдің соңғы күндерінде ел аумағына ауа температурасының төмендейді. Алайда, 2 мамырдан бастап күн жылына бастайды. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 36°, солтүстік өңірлерде 23°С-қа дейін көтеріледі. Ертең еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жексенбі күні батыс өңірлерінде де күн жауын шашынды болады.