Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 30.04.2021

Қорытынды жаңалықтар 30.04.2021

Мамыр айында QazCOVID-in вакцинасының 50 мың дозасы дайын болады. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты хабарлады. Институт бас директоры Күнсұлу Закариянның айтуынша, «СҚ-Фармация» қоймаларына 50 мың доза жеткізіледі. Маусымнан қыркүйекке дейін біздің вакцинаны жеткізу көлемі айына 500 мыңға дейін артады», - деді Күнсұлу Закария.

*****

Ақтөбе қаласында 4 жылжымалы вакцинациялау пункті түнде де жұмыс істейді. Өңірде вакцинациялау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде мұнда қазақстандық вакцинаның 2 мың дозасы жеткізіліп, Ұлттық ұлан сарбаздарына берілді. Жылжымалы медициналық кешендер 1-3 мамыр аралығында Тұңғыш Президент атындағы саябақ, Орталық стадион алдындағы алаң және «Анвар», «Дина» гипермаркеттерінің алдында болады. Сонымен бірге қаланың барлық емханасында вакциналау жүргізіледі. Барлық екпе пунктінде ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынады.

*****

Биыл Қазақстанда оңалту қызметтерінің саны 800 мыңға дейін артады. Бүгін есеп беру кездесуінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай мәлім етті. «Елімізде оңалту қызметін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Республикада 610 медициналық оңалту ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік - 377, жеке – 233, республикалық – 7. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының бастамасымен 8 жаңа оңалту орталығы ашылды. Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда 695 мың мүмкіндігі шектеулі адам динамикалық бақылауда тұр, оның ішінде 95 мыңы – балалар», - деді министр. Оның айтуынша, «2021 жылы МӘМС жүйесіне түсетін түсімдер есебінен оңалту қызметтерінің санын 800 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. 

*****

Қазақстанда КВИ-ге қарсы үш вакцина қолжетімді болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті. Қазіргі уақытта елімізде шектеу жоқ, вакцинаны Қазақстанның кез келген қаласында тегін салдыруға болады. «Бүгін қосымша араб вакцинасын аламыз. Яғни, бұл екпе «Синофарм» компаниясының қытайлық технологиясымен өндірілген. Осы арқылы бізде халық үшін үш вакцина қолжетімді болады», - деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, ақтөбелік мұнайшылар Сауд Арабиясында өндірілген қытайлық «Синофарм» вакцинасын қабылдайды. Қазір біздің ел АҚШ компаниялары шығарған екпелерді сатып алу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

*****

Алматы жастарына қатысты бағдарламаның санаты кеңейіп, жеңілдетілген қарыз сомасы ұлғайды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты. Былтыр 35 жасқа дейінгі мың алматылық жас 25 жылға дейінгі мерзімге жылдық мөлшерлемесі 5%-бен жеңілдетілген тұрғын үй заемын алу құқығына ие болды. Сұраныстың артқаны ескеріліп, биыл бағдарлама жалғасын тапты. Бұл ретте қарыз сомасы 5 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін ұлғайды. Бұрынғыша тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан таңдауға мүмкіндік бар. Санат тізімі де кеңейтілді. Енді құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бағдарламаға қатыса алады. 

*****

Жұмыссыз жастарға арналған тағы бір жоба көпшілікке жол тартты. Ол «Жұмыс пен білімнен шет қалған жастарды әлеуметтендіру шараларын дайындау және іске асыру» деп аталады. Бұл туралы Nur Otan партиясы «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының орынбасары Айгерім Серікжанова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында айтты. «Жоба аясында Nur Otan партиясы орталық аппаратының кеңсесінде республикалық жобалық кеңсе ашылды. Онда жастар құқықтық, психологиялық мәселелер бойынша және басқа да проблемалар бойынша онлайн режимде кеңес ала алады. Сол үшін call-орталық жұмыс істейді. Барлық ақпаратты Батыс Қазақстан облысындағы жобалық кеңсенің және «Болашақ» корпоративтік қорының әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге алады. 

*****

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай елдегі діни бірлестіктерінің өкілдері елордада жиналды. Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара аясында дін өкілдері Президент саябағының аумағындағы Конфессияаралық келісім аллеясында ағаш отырғызу акциясына қатысты. Экоакцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, иудаизм, православ, католик, лютерандық, баптистік, пресвитериандық, елуіншілер мен Новоапостолдық шіркеулерінің және басқа да діни бірлестіктердің өкілдері қатысты. Осындай акция 2017 жылдан бастап жыл сайын өтіп тұрады. 

*****

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 40 гектарға жайылған дала өрті оқшауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ТЖД-нің мәліметіне сүйенсек, өрт бүгін Гремучий Луг шатқалында шыққан. Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 26 адам, 4 техника және Алтай орман шаруашылығынан 60 адам мен 9 техника дереу жетті. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. 

*****

Елорданың астаналық саябағындағы Салтанат Рақымбекова аллеясына 110 түп көшет отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Салтанат Рахымбекова «Жасыл» экономика қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының және ауыл әйелдері мен ауыл жастарын қолдау жөніндегі бірқатар қоғамдық ұйымдардың негізін қалаған еді. Ол 2020 жылы тамыз айында пневмониядан көз жұмды. Қазан айында оның серіктестері мен пікірлестері, шәкірттері азаматтық қоғамды, «жасыл» экономиканы дамыту мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы еңбектерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашты. 

*****

Бір аптадан соң Софья қаласында күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына соңғы іріктеу турнирі басталады. Әлемдік бәсекеде қазақстандық палуан қыздар да бақ сынайды. Жерлестеріміз үш салмақ дәрежесінде Олимпиада жолдамасынан үмітті. Бас бапкер Нұрлан Аманқосов ел намысын қорғайтын балуандарды атады. Олар 57 келіде Алтынай Сатылған, 62 келіде Айна Теміртасова және 68 келіде Жамила Бақбергенова бозкілемге шығады. Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық құрама сапынан төртжылдықтың басты додасына қатысу мүмкіндігіне Валентина Исламова, Татьяна Аманжол және Эльмира Сыздықовалар ие болған.