Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ел азаматтарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Қымбатты отандастар, баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – біздің біртұтастығымыз бен баянды болашағымыздың символы. Қазақстанда әр түрлі ұлттың өкілдері тұрады, бірақ біз, қазақстандықтар – бір халықпыз. Көпұлтты қоғамдағы ұрпақтар бірлігі мен келісімінің арқасында Қазақстан барлық қиындықтарды еңсеріп, сындарлы тарихының түрлі кезеңдерінде табысты дамыды. Біздің бүгінгі ортақ мүддеміз – ұлтаралық келісім мен өзара түсіністікті сақтау және нығайту. Осындай дәстүрлі құндылықтар халқымыздың өмір сүру сапасын арттыра отырып, еліміздің тұрақты және серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды алғышартына айналды. Ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының кемел келешегі біздің ынтымағымызға, жасампаз еңбегімізге, күш-қуатымызға және ең күрделі жалпыұлттық міндеттерді шешудегі табандылығымызға байланысты. Бірлік күні бізді Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер мен табыстарға бастай берсін! Барлық отандастарымызға, әрбір отбасына зор денсаулық, татулық пен бақ-береке тілеймін!

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин».


Дереккөз: primeminister.kz