Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өткен жылы жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1021 адам сотталған

Өткен жылы жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1021 адам сотталған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2017 жылдан бері жемқорлық фактілері 10,6% төмендегенін мәлім етті. Бұл туралы құзырлы органның 2020 жылы атқарылған істер туралы ұлттық баяндамасында айтылған. Өткен жылы жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1021 адам сотталған. Соның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тіркеген фактілер бойынша 722 адам жаза арқалаған. Олардың арасында 144 басшы (1 облыс әкімі, 4 облыс әкімдерінің орынбасары, министрліктің 2 жауапты хатшысы, 2 комитет төрағасы, 1 елші, 5 судья, 10 аудандық және қалалық әкім) бар», - деп жазылған ұлттық баяндамада. Құжаттағы деректерге сүйенсек, сыбайлас жемқорлықпен күрес кезінде 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыстың, 112 жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолы кесілген. «Агенттік жемқорлық әрекеттің салдарынан келген 60,1 млрд теңге залалдың 50,7 млрд теңгесін өндірді. Бұл 2019 жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары (22,7 млрд. теңге). Пара алу және жымқыру фактілері бойынша еселік айыппұл сомасы 2,8 млрд теңгені құрады. Келтірілген залалды қамтамасыз ету үшін, күдіктілердің мүлкіне 1,2 млрд теңге сомасында тыйым салынды», - делінген баяндамада.

*****

Жамбылда үш айда 24 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелген. Бұл туралы облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Әділхан Әшірбаевтың айтуынша, бірінші тоқсанда 24 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға аз. Шығын 65,1 миллион теңгені құрап, оның 58,7 миллион теңгесі өндірілген. Ведомство өз қызметіндегі басты назарды алдын алу жұмысына аударып отыр. Жалпы, 2015-2025 жылдарға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясындағы 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аяқталды. Десек те, кеткен кемшіліктер де жоқ емес. Айталық, Талас ауданындағы сервистік әкімдік нақты іс жүзінде жұмыс істемей келген. Халыққа қызмет көрсетуге арналған залдардың жай-күйі сын көтермейді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша ақпараттық топтардың жұмысы әлсіз, кейбір жерде ондай топтар мүлде құрылмаған. Олардың құрамындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам белсенділері санаулы ғана. Мемлекеттік сатып алу, жер телімдерін беру және әлеуметтік көмек көрсету салалары сыбайлас жемқорлыққа аса бейім бағыттарға жатады. Әділхан Әшірбаев лауазымды тұлғалардың атқарылған жұмыс актілеріне қол қоюына ішкі аудит қызметінің бақылауын күшейтуді, жер комиссияларының отырыстарын аудио және бейнежазбалар арқылы өткізуді, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен беру процесін автоматтандыруды ұсынды. Аймақ басшысы Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевқа бірден бес қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысын жеке назарға алуды тапсырды. Бұл Т.Рысқұлов және Талас аудандарының әкімдеріне де қатысты. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановқа шаруалардың мемлекеттік субсидияларды жыл сайын бір шаруа қожалықтар алады деген шағымдарын жіті қарау жүктелді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Сұлтанхан Шәкір мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайлар туралы баяндады. Облыстық мәслихат депутаты, ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің төмендеуінің басты себебі – сыбайлас жемқорлық екенін атап өтті. Оның пікірінше, барлық басқармалар мен департаменттерде алдын алу жұмыстарын күшейту қажет. Айталық, ТИГУ студенттер үйінде парасат дүкені ашылып, студенттер арасында оның танымалдылығы арта түсіпті. Жастар сенім, адалдық және парасаттылық сияқты адами құндылықтарді бойға сіңіруде. Сонымен қатар, халық қалаулысы құқық бұзушылық жасаған шенеуніктерді қызметінен босатуды, ал мониторингтік топтардың құрамына депутаттарды қосуды ұсынды. «Адамдар өздерін қауіпсіз сезінуі керек. Билік органдарының басты міндеттерінің бірі – қылмыс деңгейінің өсуіне жол бермеу және сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерімен күресу. Азаматтық сектор өкілдерін түрлі комиссиялар мен мобильді топтарға көбірек тарту қажет. Мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға таңдалатын үміткерлер қатаң іріктеуден өтуі маңызды. Ең алдымен моральдық-этикалық өлшемдерге сәйкес болуы тиіс», - деді Бердібек Сапарбаев.

*****

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының офицері қол астындағы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінді. Аймақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты батальонының командирі әшкереленген. Ол әскери институт басшылығы тарапынан белгілеген тыйымға қарамастан, қарамағындағы қызметкерден гарнизон шегінен шығуға рұқсат бергені үшін 30 мың теңге сомасында ақшалай пара алды деген күдікке ілінді. Офицердің заңсыз әрекеті жайында Сыбайлас жемқорлық қызметке азаматтардың біреуі арызданған. Күдікті ұсталып, Петропавлдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.